03.07.2013, 15:27 3533

Мамандар Байқоңырда төтенше жағдай болған жерді газсыздандыруды аяқтады

Байқоңырда "Протон" зымыраны құлаған ауданның топырағын газсыздандыру жұмыстары аяқталды, деп "Интерфакс" агенттігіне құқық қорғау органындағы дереккөз мәлімдеді.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Мамандар Байқоңырда төтенше жағдай болған жерді газсыздандыруды аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Байқоңырда "Протон" зымыраны құлаған ауданның топырағын газсыздандыру жұмыстары аяқталды, деп "Интерфакс" агенттігіне құқық қорғау органындағы дереккөз мәлімдеді.

"Протон" құлағаннан кейін жерүсті ғарыштық инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығының мамандары топырақты ластануына барлау жүргізіп, ол жерді газсыздандыру жұмыстарын аяқтады", - дейді ол.

Ғарыш айлағында зымыран ұшыру кезінде полиция қызметкері кезекшілік еткен, зымыран құлағаннан кейін оларға антидотпен вакцина жасалды. Олар қазір мамандардың бақылауында. Олар денсаулық жағдайына қатысты шағымданбады.

Ресей ІІМ баспасөз орталығының "Интерфакс" агенттігіне мәлімдеуінше, оқиғадан кейін Байқоңырда қоғамдық тәртіпті күзететін ІІМ жеке құрамына "Тайфун-1" дабылы келіп түсті. Олар жоғарғы жауынгерлік дайындық жағдайынан сағат 17.00-де әдеттегі жұмыс кестесіне көшті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны