05.04.2019, 17:00 3438

Мамандар "Союз-2.1а" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті

4 -сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 17.01 -де "Союз-МС-11" №441 көліктік-жүк кораблін алып "Союз-2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды. Ұшырылым қалыпты жағдайда жүргізілді.

Жезқазған. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Жезқазған қаласында "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" РМК қызметкерлері Байқоңыр ғарыш айлағынан кеше ұшырылған "Союз-2.1а" зымыран тасығышының бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Еске сала кетейік, 4 -сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 17.01 -де "Союз-МС-11" №441 көліктік-жүк кораблін алып "Союз-2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылды. Ұшырылым қалыпты жағдайда жүргізілді.

Зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері (бүйір жақ блоктары) Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан №49,70 белгіленген құлау аймағының (Ю-25 аймағы) шегінде жерге құлады.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Байқоңыр қаласында Байқоңыр ғарыш айлағының позициялық ауданында ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстарын атқарды және "Союз-2.1а" зымыран тасығышына жанармай құю және оның ұшырылымынан кейінгі арнаулы жұмыстар кезінде атмосфералық ауаның және топырақтың сынамасын алуды жүзеге асырды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігінің қызметкерлері Жезқазған қаласында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштың бірінші сатысының бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын атқаруға кірісті. Қоршаған орта нысандарынан сынама алынып жатыр, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны