02.07.2014, 20:36 3339

Мамандарды дайындауды жетілдіру жобасы Парламентке енгізіледі - Н. Назарбаев

"Өз деңгейлері бойынша және оқытушыларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша аталмыш міндеттерді орындайтын 10 университет пен 9 колледж таңдалып алынды. Аталмыш оқу орындары үшін жекелеген даму бағдарламалары дайындалуда, оларды бақылау керек. Менің төрағалығымен өтетін мамандарды дайындаудың ұлттық кеңесінің отырысында бұл мәселені жан-жақты қараймыз", - дейді Н.Назарбаев.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Білім беру мен мамандарды дайындауды жетілдіру мәселесінің заң жобасы қыркүйек айында Парламентке енгізіледі. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы елді индустрияландыруға арналған жиында мәлімдеді.

"Біз барынша сұранысқа ие 20 мамандық түрін анықтап, өңірлер бойынша 9 тірек университетті шығардық. Олар аталмыш мамандарды дайындайтын болады. Сонымен қоса арнайы колледждер де жұмыс істейді. Бұл маңызды заң", - дейді Президент.

Оның айтуынша, 323 кәсіби стандарт дайындалды, соның 47-сінде білім беру бағдарламаларын дайындау жүргізілуде.

"Өз деңгейлері бойынша және оқытушыларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша аталмыш міндеттерді орындайтын 10 университет пен 9 колледж таңдалып алынды. Аталмыш оқу орындары үшін жекелеген даму бағдарламалары дайындалуда, оларды бақылау керек. Менің төрағалығымен өтетін мамандарды дайындаудың ұлттық кеңесінің отырысында бұл мәселені жан-жақты қараймыз", - дейді Н.Назарбаев.

Оның пікірінше, аталмыш заң жобасы қыркүйкте Парламентке ұсынылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны