11.06.2020, 23:10 8281

Мамин Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында барлық өткізу бекеттерін ашу және екі ел арасындағы кедергісіз жүк тасымалдарын қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында барлық өткізу бекеттерін ашу және екі ел арасындағы кедергісіз жүк тасымалдарын қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар екі тарап коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі және халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны