24.06.2014, 20:28 2920

Мамырда орташа айлық атаулы жалақы 120 479 теңгені құрады - Статагенттігі

2014 жылғы мамырдағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 120 479 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы мамырға 113,4%, ал нақты жалақы индексі 106,0% құрады.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылғы мамырдағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 120 479 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы мамырға 113,4%, ал нақты жалақы индексі 106,0% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 249,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 234,1 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 205,5 мың теңге (1,7 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 72,1 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 40,2%-ға төмен, деп статистика агенттігінде хабарлады.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 231,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 80,9 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,8%-ға төмен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны