20.05.2015, 16:01 3615

"Мәӊгі есімізде" шығармашылық байқауына Қазақстанныӊ барлық өӊірінен журналистер қатысты

Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдық мерейтойына арналған журналистер арасында "Мәӊгі есімізде" республикалық шығармашылық байқауын ұйымдастырды

Астана. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдық мерейтойына арналған журналистер арасында "Мәӊгі есімізде" республикалық шығармашылық байқауын ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі күні ұйымдастыру комитетіне Қазақстанныӊ барлық өӊірінен 50-ден аса өтініш келіп түсті. Байқау биыл бірінші рет өткізіліп отырғандығына қарамастан БҰҚ өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Астана, Алматы, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Жезқазған, Талдықорған, Петропавл және Атырау қалаларыныӊ журналистері шығармашылық байқауды қолдап, қазылар алқасына өз материалдар ұсынды. Бүгін байқауға қатысушылардан өтініш қабылдау аяқталатынын айта кеткен жөн.

Шығармашылық байқаудыӊ негізгі мақсаты 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысыныӊ тарихы туралы, Ұлы Жеӊісті жақындатқан қазақстандық сарбаздар, офицерлер және тыл еӊбеккерлерініӊ даӊқты ерлігі мен батырлығы туралы халықты кеӊінен ақпараттандыру, жастар арасында отансүйгіштікті насихаттау, сондай-ақ, журналистердіӊ кәсіби деӊгейін арттыру және аталған тақырыпты таратуда талантты авторларды анықтау болып табылады.

Екінші дүниежүзілік соғыстыӊ тарихы, майдангерлердіӊ соғыстан кейінгі тағдыры, тыл еӊбеккерлері, ҰОС ардагерлерініӊ қоғамдық ұйымдары, майдан даласында қаза тапқандарды іздестіру туралы материалдарды жариялаған газет, радио мен телеарна, ақпараттық агенттік тілшілері, сонымен бірге штаттан тыс авторлар байқауға қатыса алады.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін байқау жұмыстары конкурс комиссиясыныӊ қарауына жіберіледі. Жеӊімпаздар мемлекеттік және орыс тілдерінде бес аталым бойынша анықталады. Олар: "Баспасөз басылымындағы үздік мақала", "Ғаламтор басылымындағы үздік жарияланым", "Үздік телесюжет/телебағдарлама", "үздік радиосюжет/радиобағдарлама", үздікфоторепортаж/фотоочерк".

Байқау жеӊімпаздарын жариялау және марапаттау Қазақстандық журналистер күні кәсіби мерекесі қарсаӊында өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны