28.02.2014, 23:25 35859

"Мәңгілік Ел" Қазақстан халқының қоғамдық құрылымының жасампаз күші болуы керек - Е.Тоғжанов

"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы Қазақстан халқының қоғамдық құрылымының жасампаз күші болуы керек, деп мәлімдеді Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтың Қаулыға қол қойғанына 19 жыл өткеніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында.

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы Қазақстан халқының қоғамдық құрылымының жасампаз күші болуы керек, деп мәлімдеді Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтың Қаулыға қол қойғанына 19 жыл өткеніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында.

"Мемлекет басшысының айтқан "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы халықты топтастыратын басты идеяға айналып, қоғамдық құрылымының жасампаз күші болуы керек. "Мәңгілік Ел" идеясының маңызы сонда, осы арқылы біздің ел әлем тарихында ойып тұрып өз орнын алатын болады. Яғни ұлттың тарихи қалыптасу жолы мен еліміздің қалыптасуындағы құндылықтардың салтанат құруы", - дейді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, аталмыш саяси доктрина Қытайдың даму идеологиясы, Жапонияның мемлекеттік "Какутаи" тұжырымдамасы секілді елдің негізгі идеологиясы болып табылады.

"Бұлардың барлығы да "Мәңгілік Ел" секілді қоғамның негізгі құндылықтарына бағытталады. Сол себепті де біз "Мәңгілік Елдің" тәуелсіздік, бірлік, қоғамдық келісім, суверенитет, еліміздің аймақтық тұтастығына негізделетінін айтамыз. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы үшін бұл ең басты қасиетті құндылық. Тәуелсіздік бізге таңдау еркін беріп тағдырымыздың тізгінін өзз қолымызға ұстатты. Бұл біздің "Қазақ елі" ортақ үйіміз. Бұл әрқайсымыздың жетістікке жетудегі кепіліміз", - дейді.

Е.Тоғжановтың айтуынша, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде "Мәңгілік Ел" қызу талқыға түсіп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны