19.02.2014, 19:53 12184

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында аурухана құрылысы үшін 1,7 млрд. теңге бөлінеді

Республикалық бюджеттен 1,7 млрд тенгеге жуық қаражат бөлінеді. Оның ішінде 2015 жылы 700 млн.теңге және 2016 жылы 1 млрд.теңге бөлінбек.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында аурухана құрылысы үшін 1,7 млрд. теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына өтінім жасаған Маңғыстау облысының тұрғындарына мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Мұнайлы ауданындағы жұмыс істеп жатқан аурухана 1967 жылы салынған. Сондықтан да тұрғындар стационарлық көмек алу үшін Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жүгінуге мәжбүр. Сонғы екі жыл ішінде бұл жерде 8 мыңға жуық адам мұнайлы тұрғындары емделген, бұл дегеніміз ем алуға жүгінген аурулардың 20 % ғана. Осының барлығы аурухананың қаржылай ауқатсыздығына және қызметшілердің жұмысбастылығына әкеліп отыр - деп Мұнайлы ауданындағы "Нұр Отан" партия бөлімшесі Төрағасының бірінші орынбасары Есенбай Күли селекторлық байланыс арқылы мәлімдеді.

2015 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мұнайлы ауданында 150 төсек-орынды Орталық аудандық аурухана ғимаратының құрылысын бастамақшы - деп мәлімдеді Ерболат Досаев. Республикалық бюджеттен 1,7 млрд тенгеге жуық қаражат бөлінеді. Оның ішінде 2015 жылы 700 млн.теңге және 2016 жылы 1 млрд.теңге бөлінбек.

Сонымен қоса Жаңаөзен қаласында кітапхана, оқушылар сарайын салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі бойынша облыстық әкімдікпен қайта қарастырылатын болды.

Қоғамдық қабылдауға келген экономика министріне Оңтүстік қазақстан облысы тұрғындары да Сарыағаш ауданы Шұңқырсай елді мекенінде мектептердің тапшылығын айтып өтініш жасады.

Сарыағаш ауданы Шұңқырсай елді мекенінде орта мектептің құрылысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік өтінім болмағандықтан, 2014-2016 жылдардағы республикалық бюджеттен қаражат көзделмеген, - деп тұрғындарды хабардар етті Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп құрылысына 2014-2016 жылдарға республикалық бюджетте 25,7 млрд.теңге қарастырылғанын министр айрықша атап өтті.

Шығындарды жоспарлау кезінде өткен жылы құрылысы басталып кеткен нысандарға, сонымен қоса 3 ауысым оқу мәселесі мен апатты жағдайдағы мектептерге басым көңіл бөлінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны