19.02.2008, 13:17 2382

Маңғыстау облысында 2007 жылы халықаралық контрабандалық үш арна жолы жойылды - ҰҚКД

Маңғыстау облысында 2007 жылы халықаралық контрабандалық үш арна жолы жойылды - ҰҚКД

Ақтау. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының ұлттық қауіпсіздік Комитеті департаментінің шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы халықаралық контрабандалық үш арна жолын анықтап жойды. Бұл туралы агенттік тілшісіне департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өткен жылы "Өзен синдикаты" атты операциясы қолға алынды. Оны жүргізу барысында Маңғыстау облысына тасымалданатын контрабандалық халықаралық есірткі арнасы жойылды. Бұдан бұрын хабарланғанындай, арнайы операция кезінде аймақтық "Арыстан" бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылып, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінен 27 млн теңгеге бағаланған 1,3 келі героин, бірнеше бірлік қару мен әскери жабдықтар тәркіленді.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, өткен жылы 26 қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық жауапқа есірткі бірлестіктерінің 17 мүшесі тартылып, заңсыз айналымнан 10 келіден аса есірткі заттары тәркіленді.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, өткен жылы аймақаралық есірткі топтарын жоюға арналған операцияларды жүзеге асыру арқылы айналымнан 7 келі есірткі тәркіленді.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, сонымен қатар Жаңаөзенде діни-экстремистік "Хизб-ут-Тахрир" партиясының заңсыз қызметі әшкереленді. Сол кезде белсенді топтың 7 мүшесі құрықталды. Олардың бәрі сотталды.

ҰҚКД мәліметтері бойынша, өткен жылы 19 сыбайлас жемқорлық қылмыс әшкереленсе, түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің 26 заң бұзушылығы анықталды.

Анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сот тарапынан 10 айыптық үкім шығарылып, қылмыстық жауапкершілікке 16 лауазым иесі тартылды. 2007 жылы жалпы департамент өндірісіне 107 қылмыстық іс түсті. Оның 72 бойынша қылмыстық іс қозғалса, 21 іс 37 қылмыс бойынша аяқталды.

Департаменттің экономикалық қауіпсіздік желісі бойынша 21 қылмыстық іс қозғалған. 21 лауазымды қызмет иелерінің сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтары анықталды. Икімшіліктік жауапкершілікке 20 жеке және 3 заңды тұлға тартылып, оларға айыппұл салынды.

ҰҚКД ақпараты бойынша, 67 млн теңгеден аса 4,5 мың тонна көлемінде шикі мұнайды ұрлаған топ құрықталды. Олар бұл кәсіппен ұзақ уақыт бойы айналысқан көрінеді. Ақтау қалалық сот шешімімен бұл іске бойынша айыпталғандар 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны