17.06.2014, 20:02 3172

Маңғыстау облысында грант иегерлері анықталды

Кәсіпкерлік ұсынысы бар адамдарға қолдау көрсетудің бір түрі грант. Яғни, жаңадан бастаған кәсіпкерлердің жобасы мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржыландырылады.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Маңғыстау облысында 2014 жылға гранттық қаржыландыру бойынша байқау қорытындыланды.

Кәсіпкерлік ұсынысы бар адамдарға қолдау көрсетудің бір түрі грант. Яғни, жаңадан бастаған кәсіпкерлердің жобасы мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржыландырылады.

Грант берудегі мақсат басым секторда жаңа бизнес-идеясы бар жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, деп "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорынан хабарлады.

Биыл грантқа байқауда 19 кәсіпкер таласты. Олардың үшінде тек 3 қатысушының жобасы оқ бойы озып шықты. Атап айтатын болсақ, мемлекеттік грантты "Киіз басу өндрісі" жобасымен Айнұр Қилыбаева, "Жиһаздарды тапсырыспен жасау" жобасымен Нұрғали Сақтағанов, "Шағын кондитерлік цех жасау" жобасымен Шолпан Абдуллаева жеңіп алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны