02.10.2006, 18:09 3139

Маңғыстау облысында Литва азаматын ұрлағаны үшін "Накшбандия" діни ағымының мүшелері ұсталды

АҚТАУ. 2-қазан. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысында Литва азаматын ұрлағаны үшін "Накшбандия" діни ағымының бес мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі Kazakhstan Today тілшісіне.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, діни ағым мүшелері өткен аптада Қазақстандағы Литваның "Зотра" фирмасында шарт бойынша жүргізуші болып істеп жүрген Литва азаматы Мечислав Олехновичті ұрлап кеткен. Сектанттар әлгіден өз діндеріне өтуді талап етіпті.

Ұсталғандардың арасында әкі әйел заты бар, олардың бірі 16 жастағы қыз. Балхаштың тумасы болып табылатын жасөспірім қыз кәмелеттік жасқа жетпегендерді уақытша оқшаулау және реабилитациялау орталығына орналастырылды. Діни тәлімгерінен бастап басқа ұсталғандар тергеу абақтысына жеткізілді. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің адам ұрлау жөніндегі 125-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осынау діни қауымның іс-қызметін тәртіп сақшылары 2000-жылдан бері назарға алған. Маңғыстау облысында оның негізін Жыңғылды аулының 32 жастағы тұрғыны қалаған. Қоғамға негізінен жергілікті тұрғындар біріккен, бірақ, олардың арасында Шымкент, Жамбыл және Қостанай облыстарынан келгендер де бар.

Тәртіп сақшылары қоғамға мүше 13 адамлы анықтады, олардың бәрі де "Накшбандия" діни ағымының мүшелері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны