28.10.2009, 15:54 3308

Маңғыстау облысында магистралды газ-мұнай құбырларын заңсыз пайдаланғаны үшін Молдова азаматы 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысында магистралды газ-мұнай құбырларын заңсыз пайдаланғаны үшін Молдова азаматы 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында магистралды газ-мұнай құбырларын заңсыз пайдаланғаны үшін Молдова азаматы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қаскүнемдердің газ-мұнай құбырларын заңсыз пайдаланудан алатын заңсыз табысы миллиондаған соманы құрайды",- деді ол.

Мысалы, М.Жұманбайдың айтуынша, Маңғыстау облысында бірінші саты сотымен 4 жылға бас бостандығынан айыруға "Казполмұнай" ЖШС бас директоры Молдова азаматы С. Корнегруца сотталды.

"Ол лицензиясыз магистралды газ-мұнай құбырларын заңсыз пайдаланып, 21 млрд 675 млн теңге табыс алған. Соттың үкімімен заңсыз табыс "Казполмұнай" ЖШС мемлекет пайдасына өндіріп алуға жатады",- деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, қаржы полициясының мәліметінше, "Казполмұнай" ЖШС басқа басшыларына және "Толкыннефтегаз" ЖШС директорына қатысты қылмыстық істің тергеуі жалғасуда. Олар жоғарыда аталғанға ұқсас қылмыс жасап, 125 млрд теңгеден астам заңсыз табыс алған. Аталған тұлғаларға іздеуге жариялануына байланысты сырттай айып тағылды және оларды қамауға алу сотпен санкцияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны