02.07.2009, 13:20 2839

Маңғыстау облысында мұнайгаз өндіруші мекемелердің заң бұзу оқиғалары анықталды

Маңғыстау облысында мұнайгаз өндіруші мекемелердің заң бұзу оқиғалары анықталды

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында мұнайгаз өндіруші мекемелердің заң бұзу оқиғалары анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас прокуратурасының хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың 1-ші шілдесінде Маңғыстау облысы прокуратурасының кезекті алқа мәжілісінде облысымыздағы мұнайгаз өндіруші мекемелердің қызметінде экология, табиғат қорғау, мұнай, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы ҚР заңнамаларын қолданысы бойынша тексерулер нәтижесі кәсіпкерлік субъектілер және құзыретті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен қаралды.

Осы тексерумен мұнайгаз өндіруші мекемелерде табиғат қорғау заңнамаларының өрескел бұзылуы анықталды. Негізгі заң бұзушылықтар - мұнайдың төгілуі, табиғи және ілеспе газдың тиімсіз жағылуы облысымыздың экологиялық жүйесіне өте жағымсыз әсер етеді.

"Қаражанбасмұнай" АҚ-ның, "Тасболат Ойл Корпорэйшн" ЖШС-нің, "Бозашы Оперейтинг ЛТД" компаниясы филиалының, "СП Арман" ЖШС-нің және басқа мекемелер кен орындарында кәсіпкерлік қызметі рұқсатсыз жүргізіліп, соның салдарынан факелдерде газдың нормасынан жоғары жағылуы орын алған.

Мысалы, "СП Арман" ЖШС-інде құзыретті органның жер қойнауын пайдалану және оны зерттеу туралы рұқсатын алмай, 369 000 текше метр мөлшерінде ілеспе газды жағуға жол берген, ал үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында газдың нормадан тыс жағылуы 125 000 текше метр мөлшерінде болған.

Осындай заң бұзушылықтар "Қаражанбасмұнай" АҚ-ы қызметінде де орын алып, биылғы жылдың 1 тоқсанында факелдерде 10 млн 460 мың 732 текше метр газ жағылған, сонымен бұл жер қойнауын пайдаланушы нормасынан тыс газ жағу жүзеге асырылған.

"Бозашы Оперейтинг ЛТД" компаниясы филиалын тексеру барысында да нормасынан тыс 4, 039 млн текше метр газ жағу дерегі анықталды.

Жоғарыда кИрсетілген заң бұзушылық - "КасполмИнай", "Емір Ойл" ЖШС-де, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Толқыннефтегаз" ЖШС-і және басқа мекемелер тарапынан да байқалды.

Тексеру кезінде "Толқыннефтегаз" ЖШС-нің газды кешенді өңдеу участогы факелдерінде күшті қара күйе (түтін) бөлініп, жиі газ жағуға жол берілген.

"Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалын тексеру кезінде мұнай төгілу, мұнай қалдықтарының шашылуы және жердің қатты қабығының орасан зор ластанып, майлануы көптеп анықталды.

Аталған тексерумен "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы" ҚР Заңы талаптарының бұзылу деректері де айқындалды.

"Қаражанбас" кенорынындағы өндірістік ғимараттарды қарау барысында санитарлық нормалар мен ережелерді көптеген бұзушылық деректері, атап айтқанда, осы ғимараттардың антисанитарлық жағдайы көзге түсті.

Аталған заңнама талаптарын бұзушылық "СП Арман", "Ком-мунай", "Тасбулат Ойл Корпорейшн" ЖШС-тері, "Бозашы Оперейтинг ЛТД" компаниясы филиалының, "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалы қызметінде де орын алған.

"СП Қазақтүрікмұнай" ЖШС-і асханасында жұмысшыларға арналған ыдыс-аяқтардың жетіспеушілігі және тағамдар сапасы туралы сертификаттардың жоқтығы айқындалды. Мекеме ғимараттары ішінде және асханада ыдыстарды дезинфекциялау жүргізілмейді, ал асхана қызметкерлері арнаулы киімдермен жабдықталмаған және тағамдарды сақтау талаптары сақталмаған. Тағам қалдықтары арнаулы полигонға тапсырылмай, асхана маңына лақтырылады.

Мекеме жатахқанасы мен асханасының санитарлы-гигиеналық жағдайы қанағаттандырарлық емес, төсек-орындар уақтылы тұрақты түрде ауыстырылмайды.

Облыс прокуратурасы құзыретті мемлекеттік органдарға заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізіп, жоғарыда көрсетілген ҚР Заңдарын бұзушы кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойды.

Қаралған прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 20 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, 1 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, мұнай өндіруші мекемелерге 150 млн теңгеден астам мөлшерде талап қойылып, қазіргі кезде соның 120 млн теңгесі өндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны