31.03.2014, 19:44 6979

Маңғыстау облысында Орта Азияға арналған Инжинирингтік орталық ашылады

Маңғыстау облысында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің базасында инженерлерді дайындау үшін Орта Азияның Инжинирингтік орталығы ашылады.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. Маңғыстау облысында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің базасында инженерлерді дайындау үшін Орта Азияның Инжинирингтік орталығы ашылады. Бұл туралы Фраунгоффер атындағы Өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру және автоматтандыру институты инжинирингтік орталығы жетекшісі Марко Шуманн мен Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбековтың кездесуі барысында мәлім болды.

Орталықтың құрылуы облыста сандық инжиниринг қызметі мен зерттеу жұмыстарын көрсетуді атқарудың Орта Азиядағы жалғыз орталығын құрудың арқасында республикалық деңгейдегі секілді халықаралық деңгейдегі өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Хабарламада айтылғандай, орталық Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттырмақ. Орталық қызметкерлері сыртқы экспорттаушылардың көмегімен ғылыми-техникалық сараптама жұмыстарын жүргізіп, аталмыш технологияның коммерциялық әлеуетін анықтайды. Өткен жолғы жобаларды іріктеу үшін мамандар бизнес-модельдер мен маркетингтік жоспарларды, кәсіпкерлік жоспарларды дайындайды.

Қазіргі таңға дейін Ш.Есенов атындағы КМТИУ базасындағы Инжинирингтік орталық құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік сараптама қорытындысы да алынды. Орталықтың заманауи орнатылған құрылғылары мен бағдарламаларымен қосқанда құрылыстың жоспарланған құны 2,3 млрд теңгені құрайды.

"Жобаланған инжинирингтік орталығы ғылыми кабинеттер мен 5 зертханаға ие. Бірінші қабатта компьютерлік бағдарламалар, зерттеулер мен жобалау үшін виртуалды құрылғылар саласындағы өзгерістер мен зерттеулер, құрылғылар мен қондырғыларды жобалау мен қолданысқа беруүшін арнайы зертханалар орналасқан. Екінші қабатта 3D режимінде экранда сурет көрсететін таныстырылымдар мен семинарлар, жиындар өткізуге мүмкіндік беретін ең озық заманауи дыбыстық және бейне техникасымен жарақтандырылған 240 орындық мәжіліс залы жоспарланған. Сонымен қатар 2,3 және 4-інші қабатта ғылыми кабинеттер салынады", - дейді Марко Шуманн.

Осындай ғылыми орталық Магдебург қаласында салынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны