13.07.2007, 17:39 2966

Маңғыстау облысында Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген жасырын наубайхана анықталды

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысында Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген жасырын наубайхана анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының хабарламасынан мәлім болды.

"Маңғыстау облыстық прокуратурасы шаруашылық субьектілерінің іс-қызметі барысында сатылып жатқан азық-түлік өнімдері, балалардың ойыншықтары мен дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманың қолданылу жайын тексеру барысында тандыр нан пісіріп сататын жасырын наубайхананы тапты", делінген прокуратураның хабарламасында.

Баспасөз мәслихатында атап көрсетілгеніндей, "нан пісірумен Өзбекстан азаматтары айналысқан, олар жұмыс істеу барысында еліміздің еңбек, көші-қон, салық және санитарлық- эпидемиологиялық заңнаманың талаптарын бұзған". "Нан пісіретін қамырды ваннада аяқпен илейтін болған, бұл жерде тазалық ережелері мүлдем сақталмаған, су құбыры мен кәріз жүйесі жұмыс істемеген", - делінген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны