17.06.2009, 15:26 1344

Маңғыстау облысында заңсыз кәсіпкерлік фактілері бойынша "Қазполмұнай" және "Толқыннефтегаз" ЖШС-нің басшылығына қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды

Маңғыстау облысында заңсыз кәсіпкерлік фактілері бойынша "Қазполмұнай" және "Толқыннефтегаз" ЖШС-нің басшылығына қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында заңсыз кәсіпкерлік фактілері бойынша "Қазполмұнай" және "Толқыннефтегаз" ЖШС-нің басшылығына қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Қаржы полициясы ресми өкілінің хабарлауынша, бұл қылмыстық істердің қозғалуына Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Боранкөл және Толқын кен орындарында мұнайды барлау және өндірумен айналысатын жоғарыда аталған кәсіпорындарды түрлі уақытта басқарған Молдова Республикасының 4 азаматының заңсыз іс-әрекеті фактілері бойынша жиналған материалдар негіз болды.

"Магистралдық мұнай және газ құбырларын заңсыз пайдаланумен байланысты лицензиясыз іс-әрекет нәтижесінде "Қазполмұнай" және "Толқыннефтегаз" кәсіпорындардың басшылығының 2002-2008 жылдары 147 млрд теңге заңсыз табыс алғаны тергеумен анықталды. Бұл табыс сот шешімімен мемлекет пайдасына өндірілуге жатады",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, 2009 жылғы 27 сәуірде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айыппен Молдова Республикасының азаматы болып табылатын "Қазполмұнай" ЖШС бас директоры қамауға алынды. Оның үш сыбайласы халықаралық іздеуге жарияланды.

Қаржы полициясының мәліметінше, "Қазполмұнай" және "Толқыннефтегаз" кәсіпорындарының сутегі шикізатын барлау және өндіру бойынша келісім-шарттарына, жарғылық қорындағы 100% үлесіне және қозғалатын, қозғалмайтын мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі кезде айыпталушыны іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүзеге асырылуда,- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны