19.10.2017, 22:49 4370

Маӊғыстау облысындағы Құрық портынан Бакуге бір миллион тонна жүк өткізілді

Ресми мәліметтер бойынша порттағы бір миллион тонна жүктіӊ 548 мыӊ тоннасы экспортқа шығарылды. Импорттық жүктер 452 мыӊ тоннаны құрап отыр. Тағы бір тиімді тұсы аталмыш инфрақұрылымдар теӊіз маӊындағы қозғалысты төрт сағатқа жеделдетеді.

Ақтау. 19 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Маӊғыстау облысындағы Құрық портынан Бакуге бір миллион тонна жүк өткізілді. Осы оқиғаға арналған
салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығы, Изербайжан кеме қатынасы компаниясыныӊ өкілі және Құрық портыныӊ еӊбеккерлері және мыӊнан аса белсенді жас қатысты.

Жиында сөз алған Ералы Тоғжанов: "Былтырғы жылы Индустрияландыру бағдарламасы аясында Елбасымыз өзі іске қосқан айлақтан өткізілетін жүктіӊ көлемі бүгін миллион тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары екі есеге өсетін болады. Жыл сайын жүк ағыныныӊ артуына байланысты Каспий өӊірі айлағыныӊ әлеуетін қарқынды түрде дамытуда. Бүгінгі порт - кешегі Жібек жолыныӊ стратегиялық жалғасы. Қазақстанныӊ транзиттік және экспорттық әлеуетін көтеріп, көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын алға жетелейтін негізгі күшке айналмақ", - деді.

Сонымен қатар, Құрық портыныӊ қызметкерлерініӊ атынан Айгүл Сапарғалиева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, қуанышын жеткізді. "Маӊғыстау облысы Құрық порты бірінші рет іске қосылды. Бүгінгі таӊда, Құрық порты жүк тасымалдаудағы Транскаспий көлік дәлізініӊ күре тамыры ретінде, Еуразия аумағында Қазақстанныӊ көліктік-логистикалық хабына айналуда. Бүгінгі мерекелік шараға қатысушылардыӊ атынан, Құрық паромдық кешені арқылы, тұӊғыш миллион тонналық жүк жөнелтілуін, Сізге қуанышпен хабарлауға және бүкіл маӊғыстаулықтардыӊ атынан құттықтауға рұқсат етіӊіз,- деді ол.
Салтанатты шарада Құрық портыныӊ бас директоры М. Сақтағанов мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстанныӊ Каспий теӊізіндегі порттарды кеӊейту, еліміздіӊ көлік-логистикалық әлеуетін дамытудыӊ шараларына тоқталды.Ресми мәліметтер бойынша порттағы бір миллион тонна жүктіӊ 548 мыӊ тоннасы экспортқа шығарылды. Импорттық жүктер 452 мыӊ тоннаны құрап отыр. Тағы бір тиімді тұсы аталмыш инфрақұрылымдар теӊіз маӊындағы қозғалысты төрт сағатқа жеделдетеді. Мәселен, Баку мен Құрық арасындағы пароммен жүру уақыты 18 сағатты құрайды. Ал, Ақтаудан Бакуге -22 сағат.

Маӊғыстау жерінен жөнелтілген жүк Изербайжан, Грузия порттары арқылы Еуропаға қарай жол тартады. Құрық паром кешенімен қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыӊайтқыш, химиялық өнімдер, транзиттік жүктер, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан шыққан жүктер экспортқа шығарылады. Паром кешенінде бір теміржол айлағы, төрт теміржол көрмелік паркі бар. Теміржол станциясына кіреберісте өӊдеу және сұрыптау қызметі, "Ерсай станциясы- Құрықпорты" кіреберіс теміржолы, әкімшілік және өндірістік мақсаттағы нысандар салынды. Аталмыш айлақтағы паром өткелімен "Боржақты-Ерсай" теміржол желісі басты және сұйық жүктердіӊ мультимодальдық тасымалын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Каспий бағдарымен батыс бағыттағы экспорттық әлеуетімен транзиттік жүк ағынын еселеп арттырады.

Екі теміржол айлағыныӊ пайдалануға берілуі арқылы тәулігіне бес паромға қызмет көрсетіп, ол арқылы жылына 4 миллион тонна жүкті өӊдеуден өткізеді. Айлақтағы автокөлік паромын пайдалануға беру жылына 6 миллион тоннаға дейін жүк өткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны