18.12.2011, 18:32 3850

Маңғыстау облысындағы жағдай тұрақтанып келеді

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "жалпы, аймақтағы жағдай тыныш" деп мәлімдеген облыс әкімінің кеңешісі Жанна Ойшыбаева.

Ақтау. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысындағы жағдай тұрақтанып келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы жексенбі күні жергілікті әкімдіктен хабарлаған.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "жалпы, аймақтағы жағдай тыныш" деп мәлімдеген облыс әкімінің кеңешісі Жанна Ойшыбаева.

"Кеше кешке Ақтау қаласының орталық алаңында адамдар жиналды. Оларға аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев шығып, жағдайды түсіндірген соң, адамдар тарады", - деді ол.

Оның айтуынша, Ақтауға республикалық комиссияның басшысы бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев ұшып келеді. "Ол облыс әкімі Қ. Көшербаевпен және комиссия мүшелерімен бірге Жаңаөзенге барады", - деді Ж. Ойшыбаева..

Ол "Жаңаөзенде жүрген облыс әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұловпен бірнеше минут бұрын сөйлескенін" айтты. "Ол қаза болғандарға сот-медициналық сараптама аяқталғанын телефон арқылы хабарлады. Олардың кім екенін анықтау үшін барлық процедуралар жүргізілді. Юсупов деген бір адамның ғана кім екені анықталды. Оның денесін туыстары алып кетті. Қалған адамдар тануға келген жоқ", - деді Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны