16.03.2017, 17:39 5441

Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов бірқатар ірі өндірістік нысандардыӊ жұмысымен танысты

Бүгін Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов бірқатар ірі өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындардыӊ, Ақтау қаласындағы әлеуметтік маӊызды нысандардыӊ құрылыс жұмыстарымен танысты.

Маӊғыстау. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов бірқатар ірі өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындардыӊ, Ақтау қаласындағы әлеуметтік маӊызды нысандардыӊ құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы мультимодальдық логистикалық тізбекті құрайтын, теміржол тармақтары арқылы Ақтаумен байланысқан "Хоргос - Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ порт болып табылатын "Ақтау Теӊіз Солтүстік Терминалы" нысанымен танысты. Қазіргі уақытта "АТСТ" ЖШС жылына 3 млн. тоннаға дейін құрғақ жүкті ауыстырып тиейтін мүмкіндігі бар заманауи көпбағытты терминал. Дәнді дақылдарды ауыстырып тиеу көлемі жылына 1,5 млн. тоннаны, негізгі жүктіӊ көлемі - жылына 640 мыӊ тонна металды, басқа да жүктер - жылына 620 мыӊ тоннаны, контейнерлер (TEU) жылына 240 мыӊ тоннаны құрайды.

Содан кейін Ералы Тоғжанов инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша "Ақтау теӊіз порты" арнайы экономикалық аймағыныӊ жұмысымен танысты. Бүгін де "Ақтау теӊіз порты" АЭА аумағында 30 қатысушы тіркеліп, оныӊ 14 жобасы қолданыста. Осы жылы тағы да 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Өткен жылы №3 субаймақтыӊ аумағында "Азерсун" өндіріс және логистика орталығыныӊ құрылысы аяқталған болатын.

Келесі нысандар, 33 шағынауданда орналасқан "Маӊғыстау-Арена" спорт кешені, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі болды.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны