31.03.2009, 12:14 3507

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауылының екі тұрғынын Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрыққа заңсыз аңшылық жасағаны үшін ұстады

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауылының екі тұрғынын Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрыққа заңсыз аңшылық жасағаны үшін ұстады

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауылының екі тұрғынын Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрыққа заңсыз аңшылық жасағаны үшін ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ Икімшілік полициясы комитетінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Қарақия ауданының қорық аумағында браконьерліктің жолын кесу жөніндегі рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрыққа заңсыз аңшылық жасағаны үшін Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауылының екі тұрғынын ұстады, олардан атылған 6 қарақұйрық, 16 калибрлі аңшы мылтығы табылып тәркіленді. Шығын көлемі 3 млн. астам теңгені құрады, Осы көрсетілген факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Заңсыз аңшылық жасау" деген 288-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде".

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының Қармақшы АІІБ-нің полиция қызметкерлері "Охотзомпром" қызметкерлерімен бірігіп, аудан аумағында браконьерліктің жолын кесу жөніндегі рейдтік іс-шаралар өткізу барысында "Жосалы" маңайында екі автомашинамен "УРАЛ", "ЛУАЗ" және "ИЖ" мотоциклі мен Тарғылтау ауылының тұрғындары ұсталған олардың автомашиналарын тексерген кезде заңсыз атылған 4 киік, 16 калибрлі "ИЖ" аңшы мылтығы табылып тәркіленді. Шығын көлемі 1 млн. астам теңгені құрады.

Осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Заңсыз аңшылық жасау" жөніндегі 288-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны