14.11.2007, 18:42 3126

Маңғыстау облыстық прокуратурасы тергеу изоляторында отырғандарды соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Маңғыстау облыстық прокуратурасы тергеу изоляторында отырғандарды соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облыстық прокуратурасы тергеу изоляторында отырғандарды соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде бүгін брифинг өткізген Маңғыстау облыстық прокурорының орынбасары Есенжан Досанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Е. Досанов Маңғыстау облысындағы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасына қарасты ГМ - 172/10 (тергеу изоляторы) мекемесінде қамаудағылардың өз-өзіне қол жұмсау дерегіне байланысты жүргізілген тексерулердің қорытындысымен таныстырды.

"Тексеру кезінде ГМ172/10 мекемесі қызметкерлерінің уақытша тергеу қапасына тоғытылғандарды соққыға жыққандығы анықталды", деп хабарлады прокурордың орынбасары.

Оның сөздеріне қарағанда, прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 308 бабы, 4 тармағының "б" тармақшысы бойынша қылмыстық іс қозғады (құзырын асыра пайдаланып, қару немесе арнайы құралдарды қолдану).

Е. Досановтың мәліметтері бойынша, өз-өзіне қол жұмсаушылардың қатарында 53 адам болған. Оның 26-сы - сотталғандар, 18-і сотпен айыпталғандар, 9-ы тергеу қапасына қамалғандар.

Қазіргі уақытта облыстық және Ақтау ішкі істер органдары мен облыс прокуратурасы қапастағылардың өздерін жарақаттау әрекетінің заңдылығын тексеруде. Қылмыстық істі тексеру мен тергеу барысы облыстық прокуратураның ерекше бақылауына алынды, деді Е.Досанов

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 12 қарашада тергеу қапасында жатқан 53 адам ішкі режимдік талаптарға қарсы шығып, "өздерінің қарындары тіліп, қол буынын кескілеген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны