17.12.2017, 18:52 4454

Маӊғыстауда "Болашақ" шекара бекеті ашылды

Маӊғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаӊында Қазақстан-Түрікменстан шекара шебінде ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті өӊірлік басқармасы 2018 әскери бөлімініӊ "Болашақ" шекара бекеті салтанатты түрде ашылды.

Ақтау. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Маӊғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаӊында Қазақстан-Түрікменстан шекара шебінде ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті өӊірлік басқармасы 2018 әскери бөлімініӊ "Болашақ" шекара бекеті салтанатты түрде ашылды.

2018 әскери бөлімініӊ жеке құрамы Қазақстан Республикасыныӊ транзиттік аймағы болып табылатын Қазақстан-Түрікменстан бағытындағы Мемлекеттік шекараны сеніммен күзетіп келеді. Осыған дейін шекара заставасыныӊ күнделікті қызметтік - жауынгерлік іс-әрекеттері жылжымалы модуль типтерінде ұйымдастырылып келген болатын. Енді әскери құрам жаӊа бекетте Отан алдындағы парызын орындай алады.

Ашылу салтанатына арнайы барған облыстық мәслихат хатшысы Серікбай Трұмов Қазақстан шекарашыларыныӊ халық пен елдіӊ мүддесіне риясыз қызмет ететіндігіне, әскери антқа және қызметтік парызға адал болатындығына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ шекарашылары Мемлекеттік шекараныӊ қол сұғылмауын, шекара кеӊістігіндегі заӊдылықты және тиісті тәртіпті орнатуды орындаумен, Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік шекарасын сенімді қорғау тапсырмасын асқан ерлікпен атқарып келеді.

2017 жылы ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті өӊірлік басқармасыныӊ әскерилері келесі көрсеткішке қол жеткізген.

- Мемлекеттік шекараны заӊсызбұзған 10-нан астам адам ұсталып, оларға 2 100 000 тенге айыппұл салынған.

- 60-тан астам жүзу қайықтары ұсталған.

- 2000-нан аса бекіре балығы мен 1500-ден астам түрлі балықтар

тәркіленген;

- 800 мыӊ метрден астам тор алынып тасталған. Жалпы, 24 қылмыстық және 989 әкімшілік іс қозғалған.

Шараға қатысушылар шекара қалашығыныӊ инфрақұрылымымен, сондай-ақ автокөлік және арнайы техникасымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны