04.05.2018, 16:50 5225

Маӊғыстауда Қостанай облысына ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындары жәрмеӊкесі өтті

Солтүстік Қазақстан облысына 23 отбасы, яғни 78 адам; Павлодар облысына 59 отбасы, яғни 202 адам; Костанай облысына 89 отбасы, яғни 333 адам, барлығы 171 отбасы 613 адам көшеміз деп ниет білдірді, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақтау. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мұнайлы ауданы мен Жаӊаөзен қаласында "Еӊбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында Қостанай облысына ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындары жәрмеӊкесі өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына арнаған "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауында негізгі басымдық - еӊбек нарығын жаӊғырту деп атап көрсетті.

"Бүгін міне облысымызға арнайы келіп, өздерініӊ 1300 астам бос жұмыс орындарын ұсынып, бағдарламаныӊ тетіктерін түсіндіруге, шақыруға келген Қостанай облысыныӊ әкімі Архимед Бегежанұлына және қонақтарға үлкен рахмет айтамын. Өткен жылы облысымыздан Солтүстік өӊірлерге мемлекеттік қолдау шараларыныӊ көмегімен 20 отбасы 76 адам қоныс аударды. (оныӊ ішінде Солтүстік Қазақстан облысына - 16, Павлодар облысына - 16, Шығыс Қазақстан облысына - 25, Қостанай облысына - 19). Сондай-ақ ағымдағы жылдыӊ ақпан айында облыстыӊ аудандары мен қалаларында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ жұмыс берушілері мен аудандық әкімдіктері өкілдерініӊ қатысуымен ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкелері ұйымдастырылды", - деді Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов.

Жәрмеӊке барысында Қостанай облысыныӊ әкімі Архимед Бегежанұлы қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті кеӊінен түсіндірді. Сондай-ақ, ол қоныс аударуға ниетті азаматтарға өӊірдегі бос жұмыс орындарын ұсынды.

"2018 жылы Қостанай облысы бойынша 1365 маманға сұраныс бар: агроном - 60, жүргізуші - 146, ветеринар- 56, бала бақша тәрбиешісі - 135, аула сыпырушы - 65, жүк тасушы -47, механизатор - 259, күзетші - 66, қара жұмысшы - 192, дәнекерлеуші - 100, құрылысшы - 63, тракторист - 98, дәнекерлеуші - 154 және т.б. Бұған дейін шақырылған мамандарды орналастырдық. Бірлескен жұмыстар өз нәтижесін беруде", - деді Архимед Бегежанұлы.

Жаӊаөзен қаласында өткен Қостанай облысына ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындары жәрмеӊкесіне 300-дей адам қатысып, 20 отбасы (67 адам) қоныс аударуға ниет білдірді.

Ағымдағы жылы ақпан айында облыстыӊ аудандары мен қалаларында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ жұмыс берушілері мен аудандық әкімдіктері өкілдерініӊ қатысуымен бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкелері ұйымдастырылып, 2000-ға жуық бос орындар ұсынылған. Осы шараныӊ нәтижесінде, Солтүстік Қазақстан облысына 23 отбасы, яғни 78 адам; Павлодар облысына 59 отбасы, яғни 202 адам; Костанай облысына 89 отбасы, яғни 333 адам, барлығы 171 отбасы 613 адам көшеміз деп ниет білдірді, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны