11.07.2018, 14:14 3879

Маӊғыстауда Швейцария мен Қазақстан арасындағы бірлескен келісімге қол қойылды

Маӊғыстау облысына Швейцарияныӊ экономика, білім және зерттеу министрі Иоганн Шнайдер-Амманн бастаған делегациясы келді. Мәртебелі меймандар облыс әкімдігініӊ ғимаратында Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Инвестиция және даму министрі Жеӊіс Қасымбек және облыстыӊ ірі кәсіпорындарыныӊ басшыларымен кездесті. Кездесу барысында бірлескен келісімге қол қойылды.

Ақтау. 11 шілде. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысына Швейцарияныӊ экономика, білім және зерттеу министрі Иоганн Шнайдер-Амманн бастаған делегациясы келді. Мәртебелі меймандар облыс әкімдігініӊ ғимаратында Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Инвестиция және даму министрі Жеӊіс Қасымбек және облыстыӊ ірі кәсіпорындарыныӊ басшыларымен кездесті. Кездесу барысында бірлескен келісімге қол қойылды.

Жеӊіс Қасымбектіӊ мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 миллиард АҚШ долларын құраған. Бұл 2016 жылға қарағанда 14% жоғары. Сондай-ақ, дәл осы кезеӊ бойынша, Швейцарияныӊ Қазақстанға жасаған экспорты да 14% -ға өскен.

"Швейцария біз үшін Еуропадағы Қазақстанныӊ стратегиялық және маӊызды сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Біздіӊ бүгінгі кездесуіміз сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға, екі жақты мүдделерге байланысты өзара ынтымақтастықты кеӊейтуге деген ұмтылысымыздыӊ тағы бір дәлелі"- деді Жеӊіс Махмұдұлы.

Ресми статистикаға сүйенсек, соӊғы 12 жылда Швейцариядан Қазақстанға салынған инвестицияныӊ көлемі 20 миллиард доллардан астан. Қазіргі таӊда елімізде энергетика, көлік, инновация, медицина сияқты т.б. салаларда Швейцария капиталыныӊ қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Одан бөлек, тағы бірнеше қазақстандық-швейцариялық бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Олар инженерлік, құрылыс, агроөнеркәсіптік және тау-кен өнеркәсібі секілді салаларда жұмыс істейді.

Кездесу кезінде сөз алған Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов: Соӊғы үш жылдыӊ қорытындысы бойынша, Маӊғыстау облысы мен Швейцария арасындағы жалпы тауар айналымы $ 7 млрд-тан асты, оныӊ 99,9% -ы мұнай экспорты. Облысымызда Швейцария капиталыныӊ қатысуымен 11 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Тауар айналымы Еуропа мен Азия арасындағы халықаралық маӊызы бар қуатты транзиттік және көліктік-логистикалық әлеуетініӊ арқасында дамып келеді, сол арқылы Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен Солтүстік Еуропаны біріктіретін "ТРАСЕКА" және "Солтүстік-Оӊтүстік" халықаралық көлік дәліздерініӊ ықпалы артып жатқанын" атап өтті.

Швейцариялық мейман, Иохан Шнайдер Амман бұлсапар екіжақты ынтымақтастықты нығайту бағытында арнайы ұйымдастырылғаны жайында және Швейцариядағы инновация мен цифрландырудыӊ дамуы туралы әӊгімелеп берді.Шетелдік қонақтар кездесуден кейін "Морпорт Ақтау" ЕЭА №1 субзонасы, "Ақтау Морпорт", "Құрық порты" ЖШС, "Kazakhstan Pipe Traders" (Tenaris) ЖШС және "Arcelor Mittal Tubular Products" АҚ кәсіпорындарыныӊ жұмысымен танысты.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны