Система Orphus

Марқакөл көлінің аумағында браконьерлікпен және заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді

26.08.2019, 12:11 56026

Нұр-Сұлтан. 26 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінің аумағында ұзақ уақыт бойы браконьерлікпен және Майқан" (ускуч) балығы уылдырығының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топтың криминалдық іс-әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің және балық ресурстарын заңсыз аулауға, сатуға қатысы бар басқа да адамдардың браконьерлік әрекеттері әшкереленді. Олар аталған айырықша қорғалатын нысанда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің орнына өздері заңсыз әрекеттерге барған.

Уылды рықты өткізудің негізгі арнасы жойылды, ұйымдастырушылары ұсталып, қамауға алынды. "Майқан" (ускуч) балығын браконьерлік жолмен аулауға, сатуға қатысы бар өзге де адамдарды анықтап, ұстау бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 90 литр уылдырық, мыңнан астам заңсыз ауланған "Майқан" (ускуч) балығы, сондай-ақ 3 млн.800 теңге сомасында ақшалай қаражат, балық аулайтын торлар, рация және тіркелмеген пистолет алынды.

Тергеу барысында аталған кезеңде Марқакөл көлінен бір тоннадан астам "Майқан" (ускуч) балығы заңсыз ауланғаны анықталды.

Уылдырықты алғаннан кейін қылмыскерлер балықты күзетілетін аймақтағы жерге көміп кеткен.

Бұрын тоқтатылған 4 қылмыстық іс өндіріспен қайта жаңғыртылды, осы істер бойынша 22 млн.теңгеден астам қаржыны құрайтын 4 тонна "Майқан" (ускуч) балығы алынды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды Соның негізінде табиғи қорықтың қоршаған ортасына келтірілген экологиялық залал анықталтын болады.

Сондай-ақ, ІІМ аталған аймақтың браконьерлікпен байланысты проблемалық мәселелерін қарастыруда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны