29.12.2016, 12:10 5784

Марат Нұрғожин ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 859 Қаулысымен Нұрғожин Марат Рахмалиұлы ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 859 Қаулысымен Нұрғожин Марат Рахмалиұлы ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Ведомство хабарлағандай, бұл лауазымында М. Нұрғожин Қазақстан Республикасы ғарыш қызметініӊ даму мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Марат Нұрғожин 1957 жылы 30 маусым күні дүниеге келген.

1980 жылы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін үздік бітірген, техникалық ғылымдар докторы, профессор.

Еӊбек жолын Қарағанды политехникалық институтында бастап, онда кіші ғылыми қызметкерден бірінші проректорға дейін өскен.

2004 жылдыӊ наурыз айында Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігініӊ департамент директоры лауазымына тағайындалды.

Түрлі жылдары аппарат басшысы, ҚР БҒМ Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы, "Самғау" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары, басқарма мүшесі секілді лауазымдарын атқарған.

2008 жылы "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ бірінші вице-президенті, 2013 жылдыӊ тамызында - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Президентініӊ міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

М. Нұрғожин белсенді ғалым, 250-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстыӊ, монографияныӊ, оқулықтыӊ және оқу әдістеменіӊ, патенттіӊ, авторлық куәліктіӊ және зияткерлік меншік туралы куәліктіӊ авторы.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалуына дейін М. Нұрғожин "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Президенті лауазымын атқарды.

Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік наградаларымен: "Кұрмет" орденімен, Қазақстан Республикасы Президентініӊ Алғыс хатымен, мерейтойлық медальдармен, "Қазақстан Республикасы білім беру ісініӊ құрметті қызметкері" және "Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы жетістіктері үшін" төсбелгілермен марапатталған.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес құрылды.

Осы күнге дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері лауазымдарына ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселелеріне жетекшілік ететін Голобурда Дмитрий Васильевич (Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2016 жылғы 14 қарашадағы № 702 Қаулысы) және жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту, бірыӊғай әскери-техникалық саясатты жүргізу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру мен орындау мәселелеріне жетекшілік ететін Рамазанов Арман Қайырбекұлы (Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2016 жылғы 18 қарашадағы № 707 Қаулысы) тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны