22.01.2008, 15:12 1708

Мәсімов 1 сәуірден кейін табиғи монополия субъектілері қызметінің тарифтері көтерілуі ықтимал дейді

Мәсімов 1 сәуірден кейін табиғи монополия субъектілері қызметінің тарифтері көтерілуі ықтимал дейді

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов табиғи монополия субъектілері қызметінің тарифтері 1 сәуірден кейін көтерілуі ықтимал дейді. Бұл туралы ол бүгін өткен ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің коллегиясында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалпы, менің пікірімше, нарықтық-экономисі ретінде біз ұзақ мерзімде мұндай позицияны ұстай алмаймыз (тарифтерді). Біз инвестиция салуды тоқтатып, бағаларды сол деңгейде қалдыра алмаймыз. Ондай болса, біз болашақта барлық экономикамызды әлсіретіп аламыз ", - деді К. Мәсімов.

" 1 сәуірден кейін алдағы үш тоқсанда қай жаққа қарай жылжытынымыз туралы түсінік пен нақты позиция айқындалатын болады. Бірінші тоқсан бойынша менің тапсырмам болатын. Үкіметті қолдағаны үшін, мен барлық табиғи монополистерге өзімнің алғысымды білдіремін. Бірінші тоқсанда баға тарифтерінің өзгертілгенін байқамадық ", - деді премьер-министр.

Үкімет басшысы осыған орай премьер-министр канцеляриясы жетекшісіне арнайы жұмыс тобын құрып, табиғи монополия субъектілерінің жағдайын екі аптаның ішінде зерттеуді тапсырды.

" Біз алдағы үш тоқсанда табиғи монополия субъектілерінің тарифтерді ұлғайтуға байланысты жоспарлары мен ниеттерін біліп танысумыз керек. Және өзіміздің мүмкіндіктерімізді салыстыруымыз керек", - деді К. Мәсімов.

"Бұл жерде тұтынушылар мен өндірісшілердің арасында тепе-теңдің сақталып, мүдделер ескерілуі тиіс. Мұнда 2008 жылға жоспарланған әлеуметтік мүмкіндіктерімізді мұқият қарауымыз керек ", - деп атап өтті. Премьер-министрдің пікірінше, болашақта (2009-2011 жылдары), " негізгі қаржыны жаңарту үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетілсе, екінші жақтан инвестор есебінен шешілетін тепе-теңдікті табуымыз қажет".

"Алдағы үш жылда біз мемлекет ретінде, республикалық бюджетіміздің, жергілікті деңгейдегі бюджеттердің электр қуаты және жылумен қамтамасыз ету сияқты және тағы басқа салаларға инвестиция құя алатын жағдайымызды мықтап ойлануымыз керек. Сондай-ақ, қай сала бойынша бағаларды толық тәуелсіз нарыққа жіберіп, ал кейбіреулеріне мемлекеттік қолдау көрсетілуі жәйі де қарастырылуы керек", -деп атап өтті К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны