31.01.2008, 19:29 6862

Мәсімов энергиямен қамтамасыз етуде ақаулар тудырған әкімдерді жазаға тартпақ

Мәсімов энергиямен қамтамасыз етуде ақаулар тудырған әкімдерді жазаға тартпақ

Астана. 31-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов биылғы жылу маусымында энергиямен қамтамасыз етуде ақаулар тудырған аудан әкімдерін жазаламақ. Бұл туралы ол бүгін "Самұрық" мемлекеттік холдингінің алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл қыс бізге энергиямен қамтамасыз етуде, әсіресе оңтүстікте, істің дұрыс жолға қойылмағанын көрсетіп берді", - деді К. Мәсімов. "Премьер-министр ұшақ алып апат орнын көріп жүру деген төтенше жағдай. Мұндай болмауы керек", - деді ол.

"Мен жыл қорытындысы бойынша "ұшу сапарларын" әкімдермен жеке сөйлесемін. Маған қыстың алдында қыс маусымына қаншалықты дайын екендіктерін сергектікпен мәлімдеп, бәрі дайын, проблема жоқ деп мәлімдеген еді. Кейін олар мектептерді жылусыз қалдырды", - деп сөзін жалғастырды үкімет басшысы.

"Оңтүстік аймақтарды энергиямен қамтамасыз ету KEGOK АҚ-ның іс-қызметінде маңызды мәселе болып табылады", - деп атап көрсетті К. Мәсімов "KEGOK" президенті Алмасадам Сәтқалиевке қарап сөйлеген сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны