25.04.2008, 16:45 3172

Мәсімов Грузияның экономикалық даму министрімен Қазақстан инвестициясының Грузия экономикасына қатысу мәселесін талқылады

Мәсімов Грузияның экономикалық даму министрімен Қазақстан инвестициясының Грузия экономикасына қатысу мәселесін талқылады

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Грузияның экономикалық даму министрі Екатерина Шарашидземен кездесті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқыланды.

Тараптар Қазақстан инвестициясының Грузия экономикасына қатысу мәселесін талқылады. Кездесу кезінде көлік, энергетикалық сектор, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Кәрім Мәсімов бүгін "Total Exploration and Production" компаниясының президенті Ив-Луи Даррикаррермен кездесті.

Тараптар мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін, атап айтқанда, компанияның қазақстандық кен орындарын игеру жобаларына қатысуын және елімізде оның қызметін дамыту перспективасын талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны