31.03.2008, 19:46 6790

Мәсімов "Халлибертон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен және АҚШ-тың Бейбітшілік корпусы директорының орынбасарымен кездесті

Мәсімов "Халлибертон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен және АҚШ-тың Бейбітшілік корпусы директорының орынбасарымен кездесті

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы "Халлибертон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен және АҚШ-тың Бейбітшілік корпусы директорының орынбасарымен кездесті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Халлибертон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дэвид Лезармен кездесті.

Тараптар Қазақстанға мұнай мен газ өңдеу саласындағы қызмет үлгісін көрсетуге қажетті "Халлибертон" компаниясының қызметін дамыту мәселесін талқылады.

Премьер-Министр компанияның қазақстандық кадрларды даярлау және қайта даярлау және оларды жұмысқа тартудың маңыздылығын атап өтті.

Д. Лезар компанияның Қазақстанда адам капиталын дамыту практикасына бейіл екенін жеткізді.

Тараптар кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстанда шетелдік инвесторлардың жұмыс істеуі үшін толыққанды өзара түсіністік және жағдай барына тоқталды.

Түстен кейін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов АҚШ-тың Бейбітшілік корпусы директорының орынбасары Джоди Олсенмен кездесті.

Д. Олсен үкімет басшысын Бейбітшілік корпусының Қазақстандағы қызметі туралы және аталған ұйымның білім беру мен азаматтық қоғамды дамыту саласындағы бағдарламасын іске асыру жайынан хабардар етті.

"Мен премьер-министрге және Қазақстан үкіметіне 15 жыл бойына бізге қолдау көрсетіп, көмектескені үшін алғысымды айтамын",- деді кездесу соңында Д. Олсен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны