24.01.2012, 12:54 3226

Мәсімов кадрлық ауыс-түйістердің аяқталғандығы туралы хабарлады

Бүгін Астанада өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық мәжілісі барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкіметтің жаңа мүшелерін жаңа қызметке тағайындауларымен құттықтады.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Мәсімов кадрлық ауыс-түйістердің аяқталғандығы туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық мәжілісі барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкіметтің жаңа мүшелерін жаңа қызметке тағайындауларымен құттықтады.

"Мемлекет басшысы мен Парламент осымен бірнеше рет біздің кабинеттің жұмысына сенім білдіріп отыр. Мен сенімдері үшін тағы да үлкен алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ, барлық үкімет мүшелеріне, әкімдер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне алғыс айтамын. Өйткені біздің қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы да бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болды. Өткен аптада Мемлекет басшысы бір қатар тағайындаулар жасады. Біз қазір жаңарған құрамда алғаш рет жиналып отырмыз", - деді К.Мәсімов.

"Негізінен мемлекеттік органдардағы барлық тағайындаулар аяқталды, кадрлық мәселелер шешілді. Енді біздің алдымызға Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды тікелей орындауға кірісу керек", - деп түйіндеді сөзін К.Мәсімов.

Сонымен қатар, премьер-министр Кәрім Мәсімов жаңадан тағайындалған орынбасарларына атқаратын қызметтерін бөліп берді.

"Үкіметте және барша мемлекеттік органдарда тағайындаулар аяқталды. Кадрлық мәселелер шешілді. Енді Елбасы жүктеген тапсырмаларды орындау қажет",-деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған орынбасарларының қызметтеріне тоқталып өтті. Атап айтқанда, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов экономика мен өңірлік саясат, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру, өнеркәсіп, электр энергетикасы, туризм, алтын өндіру, техникалық реттеу, қазақстандық қамту мемлекеттік саясатын іске асыру мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар оған Агроөнеркәсіптік кешен, қоршаған орта, жер және су ресурстары, ғарыш қызметі, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту, төтенше жағдайлар мәселелері жүктеліп отыр.

Қайрат Келімбетовке макроэкономикалық, бюджеттік саясат, мемлекеттік активтерді басқару, қаржылық сектор, салық және кеден саясаты, мемлекеттік - жеке меншік әріптестікті дамыту, табиғи монополияларды реттеу мәселелері, бәсекелестікті дамыту, сауда және тариф саясаты бағытындағы жұмыстар тапсырылды. Мұнымен қоса оның қарауында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі, Еуразиялық экономикалық қауымдастығы, Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы ынтымақтастық жайы болады.

Ал, Ербол Орынбаевқа білім, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат, туризм, спорт, сондай-ақ шағын және орта бизнес, әкімшілік реформаны іске асыру мәселелері, әкімшілік кедергілерді азайту, салық және кедендік әкімшілеу шаралары жүктелді. Сонымен қатар ол бизнес саласындағы индикаторларды жақсарту, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы мен "Еңбекпен қамту - 2020" бағдарламасын үйлестіреді.

Естеріңізе сала кетейік, жақында 5-ші сайланған Мәжілістің бірінші сессиясында депутаттар Үкіметке сенім білдірген болатын. Сонымен қатар Елбасының Жарлығына сәйкес Үкіметте бірқатар тағайындаулар болды. Осының аясында бірқатар тағайындаулар жүзеге асырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны