14.02.2012, 14:49 3843

Мәсімов Қазақстандағы экономикалық өсімнің баяулауына талдау жасауды тапсырды

"Бақытжан Ибдірұлы, Сізге тапсырмам бар. Біз қаңтар айында өкінішке қарай экономикалық өсімнің баяулағанын көріп отырмыз. Яғни, экономика өсімі қаңтарда 4,8% құрады. Егер тереңірек үңілсек, өнеркәсіптік өсім де баяулаған. Сондықтан сіздер, Экономика министрлігі ретінде келесі сейсенбіге дейін талдау жүргізулеріңіз керек, бұл мен тиісті тапсырма беруім үшін маңызды, Мемлекет басшысының 7%--дық өсіммен шығу тапсырмасын шешуіміз керек", - деді Премьер Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевқа.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне елдегі экономикалық өсімнің баяулауына талдау жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Бақытжан Ибдірұлы, Сізге тапсырмам бар. Біз қаңтар айында өкінішке қарай экономикалық өсімнің баяулағанын көріп отырмыз. Яғни, экономика өсімі қаңтарда 4,8% құрады. Егер тереңірек үңілсек, өнеркәсіптік өсім де баяулаған. Сондықтан сіздер, Экономика министрлігі ретінде келесі сейсенбіге дейін талдау жүргізулеріңіз керек, бұл мен тиісті тапсырма беруім үшін маңызды, Мемлекет басшысының 7%--дық өсіммен шығу тапсырмасын шешуіміз керек", - деді Премьер Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевқа.

"Кейіннен тоқтап қалатын кәсіпорындар салмау үшін, қорларды текке шығындамау үшін, әлемдік үрдісті, индустрияландыру картасын тағы бір шолып шығу керек. Өкінішке орай мұндай фактілер бар. Одан экономика да, басқа да мәселелер де зардап шегеді", - деп толықтырды Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны