08.04.2011, 17:19 4296

Мәсімов ҚР үкіметінің отставкаға кететіндігін мәлім етті

Мәсімов ҚР үкіметінің отставкаға кететіндігін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - Мәсімов ҚР үкіметінің отставкаға кететіндігін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Үкіметі мәжілісінде Премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкіметтің отставкаға кететіні туралы жария еткен.

"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевқа! Қазақстан Республикасы Конституциясы 7-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентінің алдында өз өкілеттігімізді доғарамыз",-деді Кәрім Мәсімов.

"Мен қазір қол қоямын, содан кейін аталған құжатты Мемлекет басшысының қарауына енгіземін", - деп атап өтті Премьер-министр.

Осыдан кейін Елбасы Үкімет отставкасын қабыл алады, біз бәріміз жаңа Үкімет жасақталғанға дейін өз лауазымдарымызда міндет атқарушы болып қаламыз", - деп толықтырды ол.

"Біздердің біріміз бұл жаңа құрамда болармыз, не болмаспыз. Бұл айтарлықтай маңызды емес. Ең маңыздысы, Мемлекет басшысы зор сеніммен жеңіске жетті. Онда біздің елімізді одан әрі дамытуға мандат бар",-деді Үкімет басшысы К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны