13.11.2017, 13:48 4261

Мәскеу Мемлекеттік университеті қызылордалық магистранттар мен докторанттарға жыл сайн 20 грант бөлетін болды

2017 жылдыӊ 10 қарашасында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларыныӊ үздік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қызылордалық студенттермен кездесті.

Қызылорда. 13 қараша. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 10 қарашасында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларыныӊ үздік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қызылордалық студенттермен кездесті.

Бас қосуда Ресейде оқып жүрген студенттердіӊ оқуы мен оларды болашақта жұмыспен қамту, аймағымыздыӊ әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және мәдени дамуыныӊ перспективалары сияқты мәселелер талқыланды. К.Көшербаев студенттерге Елбасыныӊ Қызылорда облысына қазан айындағы жұмыс сапары, өӊірдіӊ 2020 жылға дейінгі инвестициялық стратегиясы, "Байқоӊыр" кешенініӊ дамуы, облыс әкімдігініӊ ситуациялық орталығы және т.б. жастарды қызықтырған тақырыптар бойынша айтып берді.

Облыс әкімініӊ айтуынша аймақ барлық сала бойынша қарқынды дамып, жетісктерге қол жеткізген. Мәселен, биыл мектеп бірітушілердіӊ 97 пайызы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Өӊір басшысы жергілікті бюджеттіӊ айтарлықтай үлесі білім беру саласына жұмсалатынын жеткізді. Қ.Көшербаев әлемдегі технологиялық даму тенденцияларын ескере келе жастар үшін туындап отырған заманныӊ жаӊа шақыртулары мен мүмкіндіктерін және олардыӊ экономикаға жасалатын ықпалын айқындап берді.

Кездесуден кейін Қызылорда облысыныӊ әкімдігі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігініӊ ғимаратында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен және басқа да алдыӊғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарымен (Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университеті, И.М. Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ университеті, К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу аграрлық академиясы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті және Санкт-Петербургтегі өнеркәсіптік технологиялар мен дизайн мемлекеттік университеті) меморандумға қол қойып, келісім-шарт жасасты.

Қ. Көшербаев Қызылорда облысы Ресейдегі техникалық ЖОО-мен 2014 жылы тығыз әріптестік байланыс орнатқанын айтты. "Ресейдіӊ жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық пен тиімді серіктестіктіӊ арқасында облыс мектептерініӊ 452 түлегі Мәскеу мен Санкт-Петербургтіӊ алдыӊғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуда", - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі меморандум аясында 2018 жылдан бастап М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті физика-математика және механика-математикалық мамандықтар бойынша сырбойылық жастарға магистратурада оқу үшін 20 грант бөлетінін жеткізді.

Шараға М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры Виктор Садовничий және ресейлік жетекші техникалық ЖОО басшылары қатысты. Өз сөзінде академик В. Садовничий Челябинск қаласында (РФ) екі ел басшыларыныӊ қатысуымен өткен Қазақстан және Ресей арасындағы XIV өӊіраралық ынтымақтастық форумыныӊ маӊыздылығына тоқталып, қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты сақтай отырып, білім мен ғылымды саласындағы әріптесттікті әрі қарай жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Мәскеудіӊ маӊдай алды оқу орындарымен жасалған келісімдер аймақтыӊ қарқынды дамуына айтарлықтай серпін беріп, облыстыӊ интеллектуалдық әлеуетініӊ өсуіне, жастардыӊ елді дамытудағы рөлін арттырып, жалпы Қазақстан мен Ресей арамындағы қарым-қатынастыӊ әрі қарай нығаюына септігін тигізетіні сөзсіз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны