18.01.2010, 14:30 2825

Мәскеу және Бүкіл Орыс Патриархы Қазақстан президентіне дінаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін "Даңқ және құрмет" орденін табыс етті

Патриарх Кирилл мемлекет басшысына дінаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Орыс православ шіркеуінің жоғарғы наградасы - "Даңқ және құрмет" орденін табыс етті.

Алматы. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы резиденциясында Мәскеу және Бүкіл Орыс Патриархын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Патриарх Кирилл мемлекет басшысына дінаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Орыс православ шіркеуінің жоғарғы наградасы - "Даңқ және құрмет" орденін табыс етті.

Кездесуде төзімділікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімге қатысты мәселелер талқыланды.

"Бүгін Қазақстанда діндердің кедергісіз дамуына барлық жағдай жасалған", деді Патриарх мемлекет басшысымен болған әңгімеде. Дінге, діндарлардың мүддесіне құрметпен қарау Қазақстанның түбегейлі саясаты екендігін дінбасы атап көрсетті.

Бүкіл Орыс Патриархы жүргізіп отырған ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясаты үшін Қазақстан президентіне ризшылығын білдірді және Қазақстан басшысының ықпалдастық бастамашылықтарына жоғары баға берді.

Дінбасы қоғамда адамгершілік пен руханиятты сақтау және нығайту, адамдар арасында рахымдылық, ізгілік пен махаббат секілді ұлы құндылықтарды тарату үшін православиелік шіркеу жүргізіп отырған жұмыстар туралы хабардар етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны