20.10.2016, 15:03 4116

Мәскеуде Байқоӊыр ғарыш айлағын дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі Төрағасыныӊ орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді.

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - ЕЭК Кеӊесініӊ жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі Төрағасыныӊ орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді.

Тараптар екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтыӊ даму келешегі мен қазіргі жағдайын қарастырды.

Бұдан өзге, "Байқоӊыр" кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық жөніндегі қол қоюға әзірленіп жатқан құжаттар бойынша нақты сұрақтар талқыланды: "Байқоӊыр" кешеніндегі ынтымақтастықты жалғастыру Тұжырымдамасын дайындау туралы, Байқоӊыр қаласыныӊ статусы туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы және т.б.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы барлық спектр бойынша ынтымақтастықты әріқарай нығайтудыӊ қажеттігі туралы ниеттерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны