17.04.2014, 19:34 2852

Мәскеуде ЕАЭО туралы келісім жобасын әзірлеу мәселелері талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кезекті отырысы өтті.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кезекті отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар 2014 жылдың 15 сәуіріндегі Қазақстан, Ресей және Беларусь Үкімет басшыларының кездесуі барысында қол жеткізілген келісімдер шеңберіндегі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы Келісім жобасын дайындаудың көкейкесті мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, келісім жобасын жасау барысында әріптес елдермен бірлесіп мәселенің түйінді аспектілері, сонымен қатар мемлекеттердің өзара мүдделерін қанағаттандыруға және интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған ережелер талқыланды.

Бұдан бұрынғы қол жеткен жетістіктерді есепке алып, келісім жобасын дайындаудың негізгі мәселелері мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелту, газ тасымалдау, автокөлік тасымалы, темір жол тарифтерін қолдану және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау сфераларында өзара іс-қимыл перспективаларын анықтады.

Кеңеске қатысушылар бүгін сауда саясаты, техникалық реттеу және санитарлық-фитосанитарлық шаралар мәселелерін ойдағыдай талқылады.

Өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, валюталық сфералар, қаржы рыноктарын қамтитын экономиканың шешуші секторларында ортақ түсіністікке келіп, бұл салаларды өзара тиімді дамыту мүмкіндіктері Келісім жобасына енгізілді.

Сондай-ақ бәсекелестікті дамыту, көлік, энергетика және табиғи монополиялар салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Тұтастай алғанда, Келісім жобасын дайындау барысы туралы мәселені талқылау қортындысы бойынша өзара тиімді әріптестіктің түйінді аспектілері бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізілді.

Экономикалық интеграцияны дамыту бағытындағы бірлескен жұмыс мемлекеттердің тең құқықты әріптестік қарым-қатынас әлеуетін тиімді пайдалану бойынша ынтымақтастығы мен пейілінің жоғары деңгейде екенінінің жарқын көрсеткіші болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны