02.12.2016, 12:46 4455

Мәскеуде ЕАЭО-ныӊ ортақ электр энергиясы, көлік және аграрлық нарығыныӊ даму келешегі талқыланды

Мәскеуде ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеӊесініӊ (ЕЭК) отырысы өтті.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәскеуде ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеӊесініӊ (ЕЭК) отырысы өтті.

Отырыстыӊ күн тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтыӊ әрі қарай дамуына қатысты 48 мәселені құрады.

Отырыс барысында ЕАЭО-ныӊ халықаралық қызметі, ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру, көлік саясатын дамыту мәселелері қаралды.

Үндістанмен, Сингапурмен, Оӊтүстік Кореямен және Мысырмен еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісімге қол қою туралы келіссөздерді бастау туралы шешімдер мақұлданды.

ЕАЭО-ныӊ ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру бағдарламасы мақұлданды. Ортақ нарық электр энергиясы мен қуатпен еркін сауда үшін қолайлы жағдайлар жасап, кемсітілмейтін негізде серіктес елдердіӊ инфрақұрылымына рұқсат алуға мүмкіндік береді.

Үйлестірілген көлік саясатын іске асырудыӊ негізгі бағыттары мен кезеӊдері бекітілген. Аталған құжаттыӊ қабылдануы ЕАЭО аясында көлік кеӊістігініӊ бірыӊғай нарығын және көлік қызметтерініӊ ортақ нарығын әрі қарай қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Аталған мәселелерді биыл 26 желтоқсанда, Мәскеуде Жоғарғы экономикалық кеӊес отырысында мемлекет басшылары қарастыратын болады.

Отырыс барысында, сондай-ақ, техникалық реттеу саласында бірқатар шешімдер қабылданды. ЕАЭО аумағында айналымға шығарылатын минералды тыӊайтқыштарға, сонымен қатар оларды сақтау, тасымалдау және таӊбалау үдерістеріне қауіпсіздік талаптарын орнату мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтыӊ "Минералды тыӊайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламенті қабылданды.

Карантиндік-фитосанитарлық бақылау мен қадағалауды реттеуге қатысты бірқатар шешімдер қабылданды: ЕАЭО-ныӊ кедендік шекарасында карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ереже, өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудіӊ Бірыӊғай карантиндік фитосанитарлық талаптары, ережелері мен нормалары, ЕАЭО-ныӊ карантиндік нысандарыныӊ бірыӊғай тізімі бекітілді.

ЕАЭО аясындағы Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарыныӊ айналымы туралы келісім мақұлданды. Аталған құжат тұқымдардыӊ ортақ нарығын дамытуға, өзара саудадағы кедергілерді жоюға және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарыныӊ айналымына қатысты құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Жалпы, ЕЭК Кеӊесі отырысыныӊ қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақтыӊ әрі қарай дамуына бағытталған, өзара тиімді шешімдерге қол жеткізген көптеген мәселелерді талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны