22.12.2016, 17:49 3751

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеӊесініӊ отырысы өтті

Күн тәртібінде 19 мәселе қаралды.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еуразиялық экономикалық комиссия кеӊесі Еуразиялық интеграцияны дамыту бойынша бірқатар маӊызды шешімдер қабылдады, - деп хабарлайды ЕАЭК.

Мәскеуде ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ төрағалығымен ЕЭК (Еуразиялық экономикалық комиссия) кеӊесініӊ отырысы өтті. Аталған отырыс 2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Мемлекет басшылары деӊгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊес қарсаӊында өтті.

Күн тәртібінде 19 мәселе қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушы елдер Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) сауда, экономика және қаржы саясаты, энергетика және инфрақұрылым, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, өнеркәсіп, техникалық реттеу саласында бірқатар маӊызды шешімдер қабылдады.

Комиссия Кеӊесі отырыс барысында ЕАЭО аясында Өнеркәсіптік ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттарын жүзеге асырудыӊ нәтижелеріне жыл сайын мониторинг жүргізу және талдау туралы ережені бекітті. Құжат Өнеркәсіптік ынтымақтастық одағындағы дамытуды сипаттайтын сапалы және сандық көрсеткіштерді анықтауға, Негізгі бағыттарды жүзеге асыру жоспарларын орындауды талдау, оларды жүзеге асыру бойынша жұмыстыӊ тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік кооперация және субконтрактацияныӊ еуразиялық желісін құрудыӊ тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамада әлеуетті серіктестерді және субкелісімді тапсырыстарды жеткізушілерді іздестіретін басты ақпараттық және интеграциялық ресурс ретінде мүше мемлекеттердіӊ өнеркәсіптік кәсіпорындарыныӊ бірыӊғай тізілімі негізінде еуразиялық желі құру көзделген.

Кеӊес мүшелері ЕуразЭО-ға мүше мемлекеттердіӊ Комиссияға ЕуразЭО-ніӊ кедендік аумағына өткізілетін тауарлар туралы ақпаратты ұсыну тәртібін қарастырды.

Мұндай өзара іс-қимыл статистикалық мәліметтерді іске асыруға, сонымен қатар уақытылы ЕвразЭО-ныӊ өндіруші елдерініӊ мүдделерін ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Кеӊес отырысыныӊ қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтыӊ әрі қарай дамуына бағытталған өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.

Алдында айтылғандай, 2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Мемлекет басшылары деӊгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысы өтеді.

Жоғары кеӊес отырысы аясында ЕуразЭО-ныӊ Кедендік кодексіне қол қою жоспарланған. Аталған құжаттыӊ қабылдануы ЕуразЭО аясында кедендік рәсімдердіӊ толықтай кешенін реттеуге мүмкіндік береді. ЕуразЭО-ныӊ халықаралық қызметі туралы сұрақтар топтамасына ерекше назар аударылады.

Бұдан өзге, Жоғары кеӊес отырысы аясында Мемлекет басшылары ЕуразЭО-ныӊ жалпы электр-энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасын қарастыратын болады. Оны жүзеге асыру интеграциялық бірлестік аясында электр энергиясымен еркін сауда жүргізуге қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Мемлекет басшылары үйлестірілген көлік саясатын іске асырудыӊ негізгі бағыттары мен кезеӊдерін қарастырады.

Жоғары кеӊес отырысы аясында Қызмет көрсету секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын, сондай-ақ Сауданы қызмет көрсетулермен, мекемелерді және қызметтерді реттеу ережелерін бекіту жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны