29.01.2014, 19:33 3574

Мәскеуде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті

Мәскеу халықаралық жоғарғы бизнес мектебінде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті. Бұл туралы "Еуразиялық Экономикалық Ғалымдар Клубы" Қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. "МИРБИС" Мәскеу халықаралық жоғарғы бизнес мектебінде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті. Бұл туралы "Еуразиялық Экономикалық Ғалымдар Клубы" Қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Таныстырылым барысында G-Global халықаралық жобасы аясында әлемнің қаржы-экономикалық архитектурасының нығаюы мен дамуы үшін ұсыныстар дайындау мақсатында ұйымдастырылатын шаралар мен әлемдік экономикадағы ағымдағы тұрақсыз жағдайдың сараптамалық қауымдастығының алаңдаушылық тудыратыны айтылды", - делінген хабарламада.

"Еуразиялық Экономикалық Оқымыстылар Клубы" Қауымдастығы президенті Мұрат Қарымсақовтың айтуынша, жаһандық қатерлердің белгілі бір топқа ғана емес, барша әлемге зиян екенін түсінетін кез келді.

"Сол себепті қазіргі кездегі тез өзгеріп жатқан жағдайларда, өсім көрсеткішінің дамыған елдерге қарай құбылатын кезінде жаһандық басқару ережелері мен ұстанымдарын қайта қарап шығу керек", - деді М.Қарымсақов.

Осындай жаһандық шаралардың бірі Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция болып табылады. Министрлердің деңгейіндегі бұл шараның маңыздылығын бірқатар халықаралық ұйымдар, халықаралық сараптамалық қауымдастықтар, саясаткерлер мен кәсіпкерлер мойындап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 21-23 мамыры аралығында Астана экономикалық форумы алаңында конференция екінші рет ұйымдастырылатын болады. Оның басты қорытындысы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің Илемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Жобасының қабылдануы болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны