04.07.2008, 18:04 2782

Мәскеуде Қырғызстан азаматынан өнеркәсіптік жарылғыш зат тәркіленді

Мәскеуде Қырғызстан азаматынан өнеркәсіптік жарылғыш зат тәркіленді

Бішкек. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде кеше кешке Қырғызстан азаматынан құқық қорғау органының қызметкерлері өнеркәсіптік жарылғыш зат тәркіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Милиция қызметкерлеріне шұғыл ақпарат келіп түсуге байланысты оны тексеру барысында олар "Новокузнецкая көшесінің бойындағы үйдің жанында Мәскеуде түрлі мекенжайларда тіркеусіз тұрып жатқан Қырғызстан азаматынан калий нитратының негізіндегі 95 грамм жарылғыш заты бар жарылғыш қондырғы тәркіледі".

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, жарылғыш қондырғыны сатып алу көзі анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны