07.04.2015, 10:32 3897

Мәскеуде Ресей және Қазақстан тәжірибесі негізінде этноаралық қарым-қатынастар тақырыбы талқыланды

Бұрыӊғы Кеӊес одағына мүше елдерініӊ арасында Қазақстан мен Ресей этникалық құрамы бойынша еӊ күрделі мемлекеттер болып саналады. Осы орайда, екі елде мемлекеттік ұлттық саясатын іске асыруына қоғамдық құрылымдар, яғни Қазақстан халқы ассамблеясы және Ресей халықтар ассамблеясы белсенді қатысып отырғанын атап өту қажет

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 2 сәуірде Мәскеуде орналасқан "Россия сегодня" ақпарат агенттігініӊ мультимедиялық баспасөз-орталығында Ресей халықтар ассамблеясыныӊ және Ресей ғалымдар академиясы Шығыстану институтыныӊ қамқорлығымен "ТМД кеӊістігіндегі этноаралық қарым-қатынастар: Ресей мен Қазақстанныӊ тәжірибесі" атты тақырыппен дөӊгелек үстел өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Бұрыӊғы Кеӊес одағына мүше елдерініӊ арасында Қазақстан мен Ресей этникалық құрамы бойынша еӊ күрделі мемлекеттер болып саналады. Осы орайда, екі елде мемлекеттік ұлттық саясатын іске асыруына қоғамдық құрылымдар, яғни Қазақстан халқы ассамблеясы және Ресей халықтар ассамблеясы белсенді қатысып отырғанын атап өту қажет, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Қатысушылар ТМД кеӊістігендегі елдердіӊ ұлттық саясаттары ерекшеліктерін қарап өтіп, этно- және дінаралық ынтымақты сақтау мәселесінде екі елдіӊ тәжірибелерін талдап шықты, және ағымдағы қауып-қатерлердіӊ қазіргі қалыптасып жатқан саяси-әлеуметтік үдерістерге ықпал ету деӊгейін айқындауға тырысты.

Іс-шараны бастау сөзінде Ресей халықтар ассамблеясыныӊ төрағасы Светлана СмирноваҚазақстанда мемлекет пен ұлттық-мәдени бірлестіктерініӊ арасында өзара табысты қатынастардыӊ ерекше тәжірибесі қалыптасқанын айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстан халқы ассамблеясы ресейлік әріптес ассамблеясынан бұрын құрылып, оған үлгі береді дейді. Оныӊ пікірі бойынша, ассамблеяны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жеке басқаратыны осы ұйымныӊ қоғамдағы ерекше маӊыздылығыныӊ көрсеткіші.

"ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынғанын логикалық тұрғысынан өте орынды деп есептеймін, себебі өз мемлекет басшысына сенім білдіру деӊгейін көрсету аса маӊызды, және Нұрсұлтан Назарбаев еӊ жоғары процент алатынына сенемін", - деді Смирнова.

Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары (ҚХА) Анатолий Башмаков өз кезегінде әлемдік тарихта соӊғы уақытқа дейін ұлттық мәселесін тек екі жолмен шешуге мүмкін болатын: Еуропа елдерінде кеӊ тараған "мультикультурализм" тәжірибесі бейнесінде секілді барлық этностар бір "қазан ішінде" араласатын, немесе елдіӊ атауын берген ұлтқа басымдық берілетін. "Қазақстан болса, өз көп ұлтты халқын белгілі үлгілерге тықпай, ерекше үлгісін қалыптастырды. Осымен, ұлттардыӊ алуан тірлігі жойылмай, керісінше көп ұлттық Қазақстан халқы бірлестігініӊ рухани негізіне айналды. Барлығымыз өзімізді бір елдіӊ азаматтары болып сезінеміз, сонымен де өз тарихи түптерімізді, ұлттық ерекшеліктерімізді және тілімізді ұмытпауға тырысамыз", - деп айтты А.Башмаков.

Оныӊ сөзі бойынша, Қазақстанныӊ ұлттық саясатыныӊ архитекторы президент Нұрсұлтан Назарбаев болып қалуда. Кезектен тыс президенттік сайлауын өткізу бойынша ұсынысты Қазақстан халықтар ассамблеясы жариялағаны бекер емес. А.Башмаков ҚХА-ны этносаясат жүйесіндегі этнолық төзімділік пен ұлтаралық қарым-қатынастар нығайтудағы рухани және әдіснамалық орталығы деп атап шықты. - ҚХА барлық қазақстандық қоғамыныӊ рухани құндылығы және біріктіру күші болып қалуда, - мәлімдеді А.Башмаков.

Мәскеу Карнеги орталығы ғылыми кеӊесініӊ мүшесі Алексей Малашенко этноаралық ынтымақ мәселесін ылғи өзгеріліп тұратын ауа райымен салыстыра отырып, керек жағдайда пайдалануға болатын қолшатырды құрастыруды және әр кезде қандай болса да ахуалға дайын болу қажет деп санайды. - Қазақстан шынайы тиімді ұлттық саясат жүргізетін әлемдегі аз елдерініӊ бірі, - деді ол. А.Малашенко ҚР мемлекет басшысы іске асырып отырған ұлтаралық саясатты әлемдегі еӊ табыстыларыныӊ біріне жатқызатынын және бұл Қазақстандағы ішкі мемлекеттік тұрақтылығыныӊ негізін құрайтынын айтып өтті.

Сонымен қатар, сарапшыныӊ зерттеуі бойынша, еліміздегі ұлттық саясат үлгісініӊ ерекшелігі көп ұлттар бір аумақта бейбіт тұру дәстүрімен, этникалық және діни артықшылыққа жол берілмейтінмен, көпшілік арасында төзімді мінез-құлық мәдениетініӊ қалыптасуымен сипатталады.

Аймақтық мәселелер институтыныӊ бас директоры Дмитрий Журавлев өз сөзінде Қытайдыӊ көне тарихында айтылғандай дәрігерге емделуші науқастаған кезінде емес, аман сау болып жүрген кезінде айлық төленгені туралы мысал келтірді. "Сонымен, Қазақстан халқы ассамблеясы емделушініӊ дені сау кезіндегі дәрігер секілді қызмет етуде", - деді ол. Алайда, бұныӊ басты себебі мемлекет басшылығыныӊ ассамблеяға жеткілікті саяси назар беріп отырғанныӊ арқасында мүмкін болып отыр, - деп мәлімдеді Д.Журавлев.

Ғалымныӊ пікірі бойынша, ұлттаралық проблемасыныӊ әр кездегі басты себебі - кедейшілік пен келешексіздікте. Қазіргі кезде жер шарында шиеленіскен түрлі этноаралық дағдарыстардыӊ негізінде әлеуметтік теӊсіздік факторы жататындығына көптеген растаулар бар, - деп тәмамдады ол.

Алматы қаласында орналасқан ҚР Президентініӊ жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты штаб-пәтерініӊ басшысы Мәдина Нұрғалиева еліміздегі этноаралық ахуалды сипаттайтын әлеуметтік зерттеулер көрсеткіштерімен бөлісті. Оныӊ мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы түрлі этникалық топтар өкілдерініӊ 88,7% елімізде өздерін жақсы сезінеді, 61,8% өз тұрып жатқан аймақтағы ұлтаралық қатынастарды тату деп бағалайды, 28,9% - нейтралды деп санайды. Азаматтардыӊ 75% - басқа этнос өкілдерімен іс жүргізуге, 90% астамы - бір ұжымда оқуға және қызмет етуге, көрші және дос болуға, 63% - өзге ұлттыӊ өкілімен отау құруға дайын. М.Нұрғалиеваныӊ айтуынша, отанымызда азаматтық және этникалық бағыттарды қамтитын Қазақстан Ұлтын қалыптастыру саясаты жүзеге асырылуда. Бұл үдерістіӊ қиындығына қарамастан, дәл осы себептен Қазақстан сезімді ұлтаралық дауластардан сақ болып қалуда, - деді сарапшы.

Халықаралық түркі академиясыныӊ сарапшысы Тимур Козыревтыӊ айтуынша, этноаралық ынтымақтыӊ қазақстандық үлгісі - болашақта қауыпты нәрселер көпшілікке шығармайтын төзімді мінез-құлықтыӊ ерекше мәдениетініӊ қалыптасқандығында болуда. Қазақстанда өзге елдерге қарағанда аталмыш төзімді мінез-құлықтыӊ мәдениеті жұрттыӊ барлығына таралып, түрлі этникалық пен әлеуметтік топтарымен қабылданған. Осыныӊ арқасында қазақстан қоғамы этноаралық дағдарыстарға қарсы жоғары иммунитетке ие болып отыр. Бұған күмән келтіргендер осы феномен кеӊес одағыныӊ жетістіктерінен пайда болып отыр дейді. Алайда, бұл көзқарас түпкілікті орынсыз, себебі кеӊес одағыныӊ жетістіктері оған мүше болған барлық елдерге ортақ, ал Қазақстандағы бар иммунитет басқа ТМД елдерінде байқалған емес.

Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтыныӊ талдау орталығыныӊ директоры А.Казанцев қазіргі таӊда әлемніӊ түрлі аймақтарында этно- және дінаралық факторларға байланысқан дауластықтар көбейгенін айтты.

- ҚР этникалық емес, азаматтық бағытпен Қазақстан Ұлтын құру бойынша табыстарға жетті, - деді А.Казанцев. Оныӊ пікірі бойынша, елдегі қалыптасқан ұлтаралық ауызбіршілік мемлекеттік саясаттыӊ мақсатты орындалуыныӊ нәтижесінде пайда болып отыр. - Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау шаралары мемлекеттіӊ экономикасын дамытуға арналған шаралармен әр кезде келістіріп отырғанын атап өту маӊызды, - дейді сарапшы.

РҒА Шығыстану институты жанындағы Орталық Азияны және Кавказды зерттеу орталығыныӊ өкілі Станислав Притчин өз сөзінде Еуразия экономикалық одағы құрылымында мүше елдерініӊ бірлескен идеология, мәдени-гуманитарлық мәселелеріне жауапты интеграциялық органдар әзірше құрылмағанына өкініш етіп, болашақта бұндай мемлекетаралық құрылымдар пайда болатынына сенім білдірді.

Мәскеу қаласындағы Лев Гумилев орталығыныӊ директоры Павел ЗарифуллинҚазақстанныӊ этноаралық саясатыныӊ оӊ тәжірибесін Еуразия экономикалық одағы мүше елдеріне таратуды ұсынды.

Жалпы алғанда, қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған және қазіргі таӊда елімізде асырылып жатқан этно-және конфессияаралық қарым-қатынастыр үлігісі әлемдегі еӊ тиімділеріне жатқызды және ол ішкісаяси тұрақтылықты нығайтады деген пікірге келді. Сарапшылар үш тілді саясат, экономикалық реформаларға басымдық беру, қоғамда барлық ұлттар мен әлеуметтік топтардыӊ өмірлік мүдделерін ескеру секілді Қазақстанныӊ ел бірлігі доктринасыныӊ негізгі ережелерін ерекше атап өтті.

Іс-шара соӊында қатысушылар Қазақстандағы іске асырылып жатқан этноаралық мемлекеттік саясат ел қоғамында ұлт және дін мәселелері бойынша төзімділік пен ынтымақты көрсету мәдениетініӊ қалыптасуына мүмкіндік берді дегенмен бірауыздан келісті. Осы тәжірибе өзге де шетелдік және ТМД мемлекеттеріне практика тұрғысынан пайдалы екені туралы көп айтылды.

Сонымен қатар, сарапшылар алдағы президенттік сайлау тақырыбына қатысты тоқталып, әлеуметтік-экономикалық, ұлтаралық және дінаралық ынтымақ саласындағы Қазақстанда қол жеткізілген оӊ нәтижелер арқасында елде ішкісаяси ахуалдыӊ тұрақтылығына еш нәрсе қауәп төндірмейді деді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны