Система Orphus

Мәскеуде тұӊғыш рет Қазақстан ұлттық валютасыныӊ және пошталық маркасыныӊ көрмесі ашылды

14.04.2015, 17:07 1999

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - 13 сәуірде Мәскеуде Халықтар шаруашылығы жетістіктері көрмесініӊ (ВДНХ) "Рабочий и Колхозница" мұражай-көрмелік орталығында Қазақстан ұлттық валютасыныӊ және пошталық маркасыныӊ көрмесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанныӊ Ресейдегі Елшілігі іс-шараны ҚР Ұлттық Банкімен және "Қазпочта" ААҚ-мен бірлесе отырып, Мәскеу қаласыныӊ Мәдениет департаментініӊ және "Манеж" мұражай-көрмелік бірлестігініӊ қамқорлығымен ұйымдастырды, деп хабарлайды kazembassy.ru тілшісі.

Ұсынған көрме Ресейде алғаш рет өткізіліп отыр, сондықтан бұл Мәскеу тұрғындары үшін бірегей оқиғаға айналды.

Экспозицияда ұлттық валютаныӊ 54 түрлі банкноталары, күмістен жасалған 111 түрлі естелік тиындар, "Қазақстанныӊ қызыл кітабы", "Ғарыш", "Қазақстанныӊ салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындар", "Спорт", "Қазақстан халқыныӊ ертектері", "Шығыс күнтізбесі", "Самұрық" атты тақырыптар бойынша реттелінген 51 күміс тиындарыныӊ жиынтықтары, және басқа да полиграфиялық өнімдер тамашалауға ұсынылған.

Сонымен қатар, көрмеде 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитініӊ өткеніне, ҰҚКҰ және ШЫҰ халықаралық ұйымдарыныӊ құрылуы секілді белгілі саяси оқиғаларға арналған пошталық маркасынан терілген 96 тақтаны көруге болады.

Көрменіӊ ашылуына Беларусь пен Ресейдіӊ одақтас мемлекетініӊ мемлекеттік хатшысы Григорий Рапота қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

"Бүгінгі шағын көрменіӊ, оныӊ көлеміне қарамастан, мазмұны өте зор. Көрме қойылымда тек Орта Азия мен Еуразия өӊірінде ғана емес, жалпы әлемде абыройлы орынға ие болған мемлекеттіӊ құрылу тарихы көрсетілген. Сондықтан, осы көрме мен үшін аса қызығушылық тудырды. Исіресе осы жерде ЕурАзЭҚ мерейтойлық медалін тапқаныма өз басым шын жүректен қуандым. Бұл медаль Алматыдағы ЕурАзЭҚ хатшылығында қызмет еткен жылдарымды және Қазақстанныӊ жаӊа елордасы Астана қаласыныӊ тұсау кесеріне қатысқан кезімді есіме салды. Астананыӊ бүгінгі өсіп өркендеу үрдісі таӊ қалдырады. Расында, бұл қазіргі замаӊға сай және өз атына лайық қала тек еуразиялық қана емес, әлемдік деӊгейге жетті", - деді Г. Рапота.

Көрмені тамашалауға келген РФ Сыртқы істер министрлігініӊ ТМД істері департаменті директорыныӊ орынбасары (нумизмат) Владимир Спринчан өз пікірімен бөлісті:

"Көрме өте ұнады, одан жақсы әсер алдым. Осыны тек нумизмат болғандықтан ғана емес, Қазақстанда он жылдан астам уақыт қызмет етіп, елді жақсы білгендіктен айтып отырмын. Көпшілік назарына ұсынылған тиындар, банкноталар, маркалар Қазақстанныӊ даму кезеӊдерін айқын көрсетеді. Осы тәрізді көрмелер арқылы елдіӊ мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихтағы естелік күндері туралы оӊай әрі қолжетімді түрде баяндауға болады. Қазақстан осыған еркеше назар аударатынына бүгінгі күні барлықтарымыз куә болдық".

Іс-шараға қатысқан атақты жазушы, журналист және филателист Кирилл Привалов ұсынылған көрме Қазақстанныӊ тарихы мен мәдениетімен таныстырып, оны өзгеше және қызық ел ретінде көрсетеді деген пікірмен бөлісті.

"Ұсынылған тақырыптар ішінен маған, әсіресе, екеуі өте ыстық. Біріншісі - Ұлы Отан соғысындағы ата-бабаларымыздыӊ ортақ ерлігі. Экспозицияда соғысқа қатысқан қаһарман-қазақстандықтарға арнап бір топ маркалар қойылған. Екіншісі - қазақстандық және ресейлік елдеріне ортақ мәдениетке, әдебиетке арналған қойылымдар тізбезі. Көрме ұйымдастырушыларын Мәскеуге әкелген тамаша экспозициясымен шын жүректен құттықтаймын. Меніӊ пікірімше, бұл іс-шара марка жинаушылардыӊ көӊілінен шығуы керек", - деп айтты К.Привалов.

Көрме ашылуына, сонымен қатар, РФ Федерация Кеӊесініӊ бұрыӊғы мүшесі Валерий Шнякин, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ төраға орынбасары Дина Ғалиева, Қазақстанныӊ Ресейдегі Кеӊесші-Уәкілі Виктор Темірбаев, студенттер және қазақ диаспора өкілдері қатысты.

Көрме 27 сәуірге дейін жалғасады.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны