20.03.2012, 15:39 3215

Мәскеуге жұмыс сапары аясында елбасы Қырғызстан Президентімен кездесті

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты қарым-қатынастарының ағымдағы деңгейі мен келешегін, сондай-ақ Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер барысын талқылады.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Мәскеуге жұмыс сапары аясында елбасы Қырғызстан Президентімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшылары Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты қарым-қатынастарының ағымдағы деңгейі мен келешегін, сондай-ақ Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер барысын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев А. Атамбаевты екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылау үшін ағымдағы жылы Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны