12.03.2014, 20:25 2829

Мәслихат депутаттарының сайлауына 188 үміткер ұсынылып отыр - ОСК

30 наурызда республиканың 14 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 59 сайлау округтерінде өтеді.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. 30 наурызда республиканың 14 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 59 сайлау округтерінде өтеді.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, барлығы Астана қ. мәслихатының 1 депутаты, облыстық мәслихаттардың 7 депутаты, қалалық мәслихаттардың 12 депутаты және аудандық мәслихаттардың 39 депутаты сайланады.

Сайлау науқаны қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген.

Сайлау науқаны барысында 188 кандидат ұсынылды, олардың 61-ін саяси партиялар, 2-ін қоғамдық бірлестіктер ұсынды және тағы 125-і өзін-өзі ұсынғандар.

Қазіргі сәтте мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Барлығы 170 кандидат тіркелді. Олардың 120-сы (70,6%) - ер адамдар және 50-і (29,4%) - әйел адамдар.

67 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 43-і өзінің партияға тиесілілігін көрсетпеген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны