17.12.2017, 18:22 3909

Мәслихат отырысында Алматы қаласыныӊ 2018 жылғы бюджеті бекітілді

Алматыда VI - шақырылымдағы қалалық мәслихаттыӊ XXV-ші сессиясы барысында қаланыӊ 2018 жылғы бюджеті 431,2 млрд. теӊге көлемінде бекітілді. Оны жасау кезінде барынша көп әлеуметтік- экономикалық тиімділік әкелетін экономикалық шешімдер назарға алынды.

Алматы. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматыда VI - шақырылымдағы қалалық мәслихаттыӊ XXV-ші сессиясы барысында қаланыӊ 2018 жылғы бюджеті 431,2 млрд. теӊге көлемінде бекітілді. Оны жасау кезінде барынша көп әлеуметтік- экономикалық тиімділік әкелетін экономикалық шешімдер назарға алынды. Бюджетке "нөлден" сараптама жасалған соӊ қаланыӊ басты қаржы құжаты әкімшілік бағыт бойынша емес, "Алматы -2020" даму бағдарламасыныӊ басты қағидалары мен қалалықтардыӊ әлеуметтік қажеттіліктері негізінде құрылды.

Келер жылы "нөмірі бірінші бағыт" ретінде көгалдандыруға, жасылдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға ерекше мән беріледі, яғни қаланы дамытуға бюджеттіӊ үштен бірі жұмсалады.

Сонымен қатар, қаланыӊ тарихи орталығын қайта жасау жұмыстары одан әрі жалғасады, Төле би көшесі - Достық даӊғылы- Абай даӊғылы- Есентай өзенініӊ жағалауы енген 178 га жер жаӊарады. Келер жылы 17 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады, халықаралық стандарт бойынша жасалып жатқан Республика алаӊын реконструкциялау аяқталады. Қаладағы саябақтарды, скверлерді және жасыл аймақты дамыту үшін 2018 жылдыӊ бюджетінен өткен жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп қаржы жұмсалады.

Алматыда 2018 жылы 500 ауланы жөндеу қарастырылған. Осылайша, абаттандырылған аулалар саны 33%-ға жетеді. Айта кетерлігі, Алматыда соӊғы екі жыл ішінде 732 аула алаӊдары жөнделді, қайта жасалды, яғни әрбір бесінші аула.

Арық жүйелерін жөндеуге 3,3 есе көп қаржы бөлінеді.Егер биыл 28 км арық жүйесі жөнделсе, бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда 3 есе көп, Табиғи ресурстар басқармасыныӊ ақпараты бойынша келер жылы тағы да 74 км арық жүйесін жөндеу жоспарланған. Жалпы, арықтар мен жауын канализациясын жөндеу жұмыстары кешенді жүргізіліп, арық жүйесін дамытудыӊ 10 жылдық жоспары жасалады.

Қоғамдық көлік пен көлік инфрақұырылымын дамыту да жалғасады. Бұл екі бағытқа басымдық беріледі, барлық шығынныӊ бестен бір бөлігі жұмсалады. Биылғы жылы қаланыӊ автобус паркі 30%-ға жаӊарды, 180 км-дан астам жол жөнделді.

Келер жылы жоғары сапалы қызмет көрсететін жаӊа автобустарға субсидия бөлінеді. 600 мыӊнан астам қалалықтарды жеӊілдетілген кесте бойынша тасымалдау жалғасады.

Метроныӊ "Достық","Сарыарқа" бекеттерініӊ құрылысы одан әрі жалғасады, олар іске қосылғанда жолаушы легі 1,5 есеге артып, жылына 18 млн. жолаушы тасымалданады. Келер жылы инвесторды анытқау бойынша конкурс өтеді, сонымен қатар ЖРК жобасыныӊ аясында жұмыстар қолға алынады.

Бұлардан өзге, қалада сыйымдылығы жоғары автобустарда жолаушыларды экспресс-тасымалдау қайта жаӊғырады. Биылғы жылы BRT-нныӊ алғашқы кезегініӊ 2,7 км желісі жасалды, 2018 жылы екінші кезегініӊ ЖСҚ жасалады.

Сел қаупінен қорғану үшін 2018 жылы моренді көлдерге мониторинг жүргізудіӊ цифрлы жүйесі қолға алынады. Қазіргі кезде олар тік ұшақ арқылы бақылауға алынған. Айта кетерлігі, биыл Алматыда қымбат насосты станцияларды алудыӊ арқасында еӊ қауіпті 9 моренді көлдіӊ сулары тартылды.

Қала қауіпсіздігін сақтаудыӊ басты міндеті әлеуметтік нысандардыӊ сейсмикалық қуатын күшейту болып табылады. Осыған орай, әлеуметтік нысандарды сейсмикалық күшейтудіӊ 2025 жылға дейінгі кезеӊді жоспары жасалды.

Мысалы, биылғы жылы 6 бала бақша, 20 мектеп, 1 балалар үйі сейсмикалық күшейтілді, денсаулық сақтау саласыныӊ 8 нысанын сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталып қалды. 7 мыӊнан астам нысан, соныӊ ішінде мектептер, бала бақшалар, ауруханалар сеймикалық жағынан паспортталды.

2018 жылы әлеуметтік салаға барлық шығындардыӊ теӊ жартысы жұмсалады.

Денсаулық сақтау саласында дәрімен және вакцинамен қамту, медициналық жабдықтар алу, кадрлардыӊ кәсіби біліктілігін арттыру, медициналық мекемелерді дұрыс жағдайда ұстау қарастырылған. Алатау ауданындағы жедел жәрдем станциясы жанына қосалқы нысан салу жоспарланған, осы саланыӊ 6 нысанын сейсмикалық күшейтудіӊ ЖСҚ жасау және 6 бьекті салу аяқталып қалды.

Жалпы, 2 жыл ішінде медицина ұйымдарын жабдықтау 75%-ға жетті, бұл жұмыс сапасын арттырып, дұрыс диагонз қоюға, сырқат түрін ерте анықтауға ықпал етті.

Илеуметтік қорғауға 8,8 млрд. теӊге бөлінді, оныӊ ішінде 20 мыӊнан астам адамға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы беріледі, 9 мекеме мен мүгедектерге қаржылай көмек көрсетіледі.

Бұлардан өзге, 2018 жылы мектептердіӊ ағымдағы жөндеу жұмыстарына, оқулықтар алуға, мұғалімдер мен тәрбиешілерге жалақы төлеуге қаржы қарастырылған. 8 бала бақша салу жоспарланған, 2 мектеп жанындағы қосалқы нысан құрылысы аяқталады, педагогикалық колледж жанынан қосалқы нысан пайда болады, №46 мектеп сейсмикалық күшейтіледі.

Жалпы, Алматыныӊ бүгінгі әлеуметтік- экономикалық дамуыныӊ барлық көрсеткіштері оӊ динамиканы көрсетуде. Мысалы, қаланыӊ экономикалық даму қарқыныныӊ өсуі 2017 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында 4%-ды, ал 11 ай ішінде негізгі капиталға тартылған инвестиция 15,7%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны