03.10.2016, 13:51 3951

Мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына депутат сайлау 30 қазанда өтеді

2016 жылғы 30 қазанда республиканыӊ 30 сайлау округінде болатын мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - Мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына депутат сайлау 30 қазанда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы баспасөз баянын жария етті.

Онда атап көрсетілгендей, 2016 жылғы 30 қазанда республиканыӊ 30 сайлау округінде болатын мәслихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқаныныӊ барысында 101 кандидат ұсынылды, олардыӊ 31-ін саяси партиялар, 70-сі өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар санында 83 (82,2 %) ер адам және 18 (17,8 %) әйел адам.

31 кандидат Қазақстан Республикасыныӊ саяси партияларыныӊ мүшесі болып табылады, 50-і партия қатарында жоқ, 20-сы партияға тиесілігін көрсетпеген.

Ұсынылған кандидаттардыӊ ішінде 6 ұлттыӊ өкілі бар.

Орташа жас - 41 жас.

84 (83,1 %) кандидаттыӊ жоғары білімі, 12-сініӊ (11,9 %) орта кәсіптік білімі және 5-еуініӊ (5 %) орта білімі бар.

Кандидаттардыӊ 43,6 %-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда; 41,6 %-ы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 12,8 %-ы саяси партиялар мен ҮЕҰ-ныӊ қызметкерлері; 2 %-ы жұмыспен қамтудыӊ өзге топтарыныӊ өкілдері.

Қазіргі уақытта мәсихаттардыӊ шығып қалған депутаттарыныӊ орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оӊтүстік Қазақстан облыстарында тіркеу 4 қазанда, ал Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында 5 қазанда аяқталады.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 87 кандидатты тіркеді.

Тіркеу мерзімі аяқталған соӊ тіркелген барлық кандидаттар 28 қазан күнгі 24.00 сағатқа дейін жүретін сайлауалды үгітке кіріседі.

15 қазаннан бастап сайлау болатын округтердіӊ сайлаушылары учаскелік сайлау комиссияларыныӊ үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысып, олардағы өзі туралы мәліметтерді тексеріп және онда жіберілген дәлсіздектерді анықтаған жағдайда, түзетулер енгізе алады.

Сайлау науқаны қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген және сайлау заӊнамасыныӊ нормаларына сәйкес өтуде.

Орталық сайлау комиссиясына шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны