02.03.2011, 14:57 4195

Мәтібұлақ полигонында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мәтібұлақ полигонында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 2 - наурыз. Kazakhstan Today - Мәтібұлақ полигонында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу басқармасы Жамбыл облысының аумағындағы "Мәтібұлақ" полигонында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

"Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде",-деп атап көрсетті ол.

Естеріңізге сала кетсек, 23 - ақпан күні Жамбыл облысында "Матыбұлақ" полигонында Қазақстанның Қарулы күштерінің Жаяу әскер оқу-жаттығуларының белсенді фазасы барысында 120 милиметрлік минометті оқтау кезінде снарядтың жарылу салдарынан екі жауынгер қаза тауып, тағы екуі жарақаттанған болатын.

Алдын ала берілген ақапарттарға сәйкес, Жаттығуларды жүргізу барысында минометті оқтау кезінде мина өздігінен жарылуының салдарынан минаның жарқыншағынан алған жарақаттан келісімшарт қызметінің екі әскери қызметшісі: кіші сержант Е.С.Ошаев және қатардағы жауынгер Ғ.Б.Сұлтанов қаза тапты. Аға лейтенант Е.Е.Сетибаев, келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері М.К.Шалдарбеков жарақат

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны