24.04.2018, 14:22 4688

Мәулен Ишімбаев жаӊғыру аясындағы жаӊа партиялық жобаларды көпшілікке таныстырды

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына "Нұр Отан" партиясы да өз үлесін қосады. Соған орай біз балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашу және IT-мамандар даярлау ісін қолға алып отырмыз. Бұл жобалар алдымызда тұрған еӊ басты мақсат - дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылуға және қазақстандықтардыӊ әлемдік бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға өз септігін тигізеді, - деді Мәулен Ишімбаев.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы, "Нұр Отан" партиясыныӊ Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша бүгінде партия қызметін жаӊғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағытта бірқатар нақты стратегиялық жобалар қолға алынып, оларды жүзеге асырудыӊ тиімді тетіктері де қарастырылған. Бүгін аталған жобаларды көпшілікке таныстыру мақсатында "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өткізді. Бұл іс-шараға Премьер-Министрдіӊ орынбасары Асқар Жұмағалиев пен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Басқарма төрағасы Аблай Мырзахметов те қатысты. Себебі, аталған партиялық жобалар Үкімет және бизнес қауымдастықпен бірлесіп жүзеге асырылмақ.

Елбасы 2017 жылдыӊ қараша айында өткен партия Саяси кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысында нұротандықтардыӊ алдына нақты міндеттер қойып, бірқатар басым бағыттарды анықтап берген болатын. Соныӊ ішінде Мемлекет басшысы барлық партиялық технологияныӊ ашық ақпараттық қоғамға бейімделуі, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасына белсене қатысу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктіӊ аясын кеӊейтіп, кәсіпкерліктіӊ дамуына үлес қосу мәселелеріне айрықша назар аударды. Осыған орай "Нұр Отан" партиясы бірнеше стратегиялық жобаларды қолға алып отыр. Олардыӊ қатарында цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдаужәне "Рухани жаӊғыру" бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар. Бұдан басқа жалпыұлттық күн тәртібіне және стратегиялық бағдарламалық құжаттарды дайындауға белсене қатысу, партия кадрлық резервін жандандыру, еліміздегі жастар саясатын одан әрі жетілдіру, партияныӊ талдау және сараптау әлеуетін арттыру сияқты бірқатар нақты бағыттар бойынша да арнайы жобалар жүзеге асырылатын болады.

- Елбасыныӊ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына "Нұр Отан" партиясы да өз үлесін қосады. Соған орай біз балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашу және IT-мамандар даярлау ісін қолға алып отырмыз. Бұл жобалар алдымызда тұрған еӊ басты мақсат - дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылуға және қазақстандықтардыӊ әлемдік бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға өз септігін тигізеді, - деді Мәулен Ишімбаев.

Балаларға арналған тегін IT-сыныптардыӊ көтерер жүгі салмақты болмақ. Бұл жоба аясында еліміз бойынша 1000 ІТ-сынып ашылып, онда жылына 8-16 жас аралығындағы 150 мыӊ бала бағдарламалау және робот техникасыныӊ негіздері жайында тереӊдетілген білім алады. Бұл бастама мектептерге факультативті пән ретінде енгізіліп, үш айлық және алты айлық курс ретінде жүргізіледі. Мұндай қысқа мерзімді білім беру курстары Балтық жағалауы елдерінде кеӊінен қолданылып, оӊ нәтижесін бергенін атап өткен жөн.

Халықтыӊ цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған келесі партиялық жоба - ІТ-мамандар даярлау бастамасы. Бұл жоба бойынша елімізде жұмыс беруші ІТ-компаниялар мен ірі жоғары оқу орындарыныӊ базасында 20 ІТ-орталық ашылып, жылына 35 мыӊ адам білім алады. Олардыӊ қатарына жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған жастар да жұмылдырылады. Бұл орталықтарда бүгінде әлемдік деӊгейде сұранысқа ие цифрлау тәсілдері мен Java, Python, PHP, Swift сияқты бағдарламалау тілдері оқытылады. Орталық түлектеріне бір жыл бойы қолдау көрсетіліп, олардыӊ жұмысқа орналасуына да мейлінше жағдай жасалады. Осы ретте аталған сыныптар мен орталықтар Astana Hub Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен бірлесіп жұмыс істейтінін атап өткен жөн.

Осылайша "Нұр Отан" партиясы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қазақстандықтардыӊ цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардыӊ әлемдік ірі жобаларға қатысатын бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасамақ. Бұл тәжірибе бүгінде әлем бойынша кеӊінен қолданылады. Қазірдіӊ өзіндеинтернеттегі жүздеген фриланс-биржаларда 10 миллионға жуық ІТ-тапсырыстар жарияланған. Бұл нарықтағы қаржы көзі де аса қомақты, яғни шамамен 3,5 трлн. АҚШ долларын құрайды. Бүгінде әлемніӊ әр түкпіріндегі 57 миллион адам осы тапсырыстар арқылы ақша тауып отыр. Осы тұрғыдан келгенде аталған жобалардыӊ берері мол екені айқын байқалады.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында "Нұр Отан" партиясы кәсіпкерлерге арналған Бірыӊғай геоақпараттық онлайн қызмет ұсынатын портал құруды жоспарлап отыр. Оныӊ басты мақсаты - бизнес саласындағы мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, дамыған елдердіӊ еӊ үздік үлгілерін енгізу және бизнестегі шығындарды азайту. Нәтижесінде кәсіпкерлердіӊ еліміз бойынша коммерциялық мақсаттағы жер телімдері мен аукциондар туралы толық мәлімет алуына, бизнес жүргізудіӊ бірыӊғай стандартын енгізуге және электронды үкімет жұмысын жандандыруға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар "Нұр Отан" партиясы өӊірлерде мемлекет пен бизнестіӊ әлеуметтік саладағы ынтымақтастығын одан әрі арттыруға арналған бірнеше жобаны қолға алып отыр. Сол арқылы мектеп асханаларыныӊ жұмысын жаӊғыртып, спорт алаӊдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. Одан бөлек, арнайы WEB-сайт арқылы бастауыш сынып оқушыларына арналған денсаулық сабағы оқытылады. Соған сәйкес, еліміздегі мектеп асханалары бірыӊғай стандарт бойынша арнайы қондырғылармен жабдықталып, ас мәзірі де мемлекеттік стандарт негізінде дайындалады. Спорт алаӊдары да қысқы және жазғы мезгілге сай қайта жабдықталып, сабақтан тыс уақытта ақылы негізде өзге азаматтарға пайдалануға беріледі. Бұл жұмыстар жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жүргізіледі. Осылайша еліміздегі 3 миллионға жуық мектеп оқушыларыныӊ саламатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалмақ.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы бойынша да партия бірқатар басым бағыттарды қолға алды. Бұл ретте ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйренуге қолайлы орта қалыптастыруға және елімізде еріктілер қозғалысын дамытуға басымдық беріліп отыр. Соған байланысты ағылшын тілін еркін меӊгерген 500 қазақстандық және шетелдік жас ерікті ауылдық мектептерге жіберіліп, олар арнайы құрылған клубтарда жергілікті жастарға тіл үйрететін болады. Еріктілер байқау негізінде іріктеледі. Партиялық жоба аясында ағылшын тілін үйрететін арнайы жазғы лагерлер де өз жұмысын бастайтын болады.

Партияныӊ бастамасымен отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрып, олардыӊ жұмысын жандандыру ісі де қолға алынбақ. Соныӊ нәтижесінде бірыӊғай онлайн кітапхана жүйесі қалыптасып, еліміздегі барлық кітап қоры электронды форматқа көшіріледі. Бұл жүйеге барлық мектеп және университет кітапханалары да қосылады. Кітапханаларда жастарға арналған қызықты лекциялар ұйымдастырылып, пікірталас алаӊдары жұмыс істейді. Сол арқылы қазақстандық кітапханалар заманауи бағытта қызмет көрсетіп, халық маӊызды, сұранысқа ие кез келген әдебиетті оқуға мүмкіндік алады.

Еліміздегі жастар саясатын жандандырып, осы бағыттағы жұмыстарды заман талаптарына сай жүргізу ісі де партияныӊ басты назарында. Сол үшін "Жас Отан" Жастар қанатын трансформациялап, барлық салада ел жастарыныӊ белсенділігін арттыру көзделіп отыр.

- Қазір бүкіл әлем қарқынды дамып қана қоймай, жедел өзгерістерге ұшырауда. Сондықтан біз де бүгінгі заман талаптарына сай бейімделуіміз керек. Осы мақсатта "Нұр Отан" партиясы нақты жобаларды қолға алып, жұмысты бастап кетті. Бұл жобалардыӊ жүзеге асыру мүмкіндіктері жан-жақты сарапталып, тиімді тетіктері алдын ала мұқият зерттелді. Партия осындай нақты жобалар арқылы Елбасы айқындап берген мақсат-міндеттерді табысты жүзеге асырып, стратегиялық бастамаларға белсене қатысатын болады, - деді Мәулен Ишімбаев.

Сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары білім мен біліктілікті, тәжірибе мен талапты қажет ететін мұндай ауқымды жұмысты партия мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп атқаратынын атап өтті.

Брифинг барысында вице-премьер Асқар Жұмағалиев пен "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы Аблай Мырзахметов те аталған жобалардыӊ маӊыздылығына назар аударып, оларды жүзеге асыру үшін Үкімет және бизнес-қауымдастық тарапынан қажетті барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны