27.05.2014, 22:48 3056

Маусым айында "Астана Шымкент" бағытындағы жүрдек пойыз іске қосылады

Аталған жолаушылар пойызы елорданы еліміздің ірі қалаларының бірімен байланыстырады, басты мақсаты - жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Жаз айының алғашқы күні Астана - Шымкент" бағытында жаңа жүрдек пойызы іске қосылады. Пойыз құрамы "Тальго" жүрдек вагондарынан жасақталады, деп қала әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, №79/80 "Астана - Шымкент" бағытындағы жолаушылар пойызы 22 вагоннан тұрады, оның 3-еуі "Бизнес", 3 "Гранд", 12 "Турист", 1 вагон ресторан, 1 вагон-бар мен 2 техникалық вагон.

Шымкентке дейінгі жол бұрынғыдай 24 сағат емес, 15 сағат 35 минутты құрайды. Құрам Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл станцияларына аялдайды.

Аталған жолаушылар пойызы елорданы еліміздің ірі қалаларының бірімен байланыстырады, басты мақсаты - жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны